Русский Сайттың толық нұсқасы

Жалақымызды заңсыз қыcқартып жатыр, - Қазалы аудандық ауруханасының қызметкерлері

  • AstanaTV
  • 28 қаңтар 2020
  • 3265

Бүгін арнамызға Қызылорда облысы Қазалы аудандық ауруханасының қызметкерлері шағымданды. Айтуларынша жалақылары заңсыз қысқартылып жатыр. Емхана басшылығы еңбекақыдан біршама пайыз ақша ұстап қалу туралы құжатқа қол қоюға мәжбүрлеуде. Әйтпеген жағдайда, қызметтен кетесіңдер деп қорқытыпты. Айлығы шайлығына жетпей жүрген ақ халаттылар мәселеге араласуымызды сұрады. Қысым көруден қорыққан олар есімдерін тікелей эфирде жарияламауға өтініш айтты.

ҚАЗАЛЫ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
 
Февральдің 15- нен бастап приказ шығарып тастады ғой бұлар. 0,75-ке қысқарасың деген. Февральға дейін 130 мың теңге алатын едік. Енді 100 мың теңге аламыз. Жоғарыдан келген приказ бұл дейді. Енді приказды көрсетсеңдерші дегенде, ол экономисте дейді. Жаңағы хабарламада қол қоймаған жағдайда, еңбек шарты тоқтатылатын ескертеміз деп жазған.


Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Осы мәселеге байланысты Қызылорда облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бақыт Кеншінбаевамен байланысып көреміз. Бақыт Қуанышбайқызы, қайырлы кеш! Сіз тікелей эфирдесіз!. Президент дәрігерлер мен медбикелердің жалақысын көтеру туралы мәселе көтеріп жүргенде, бұл ауруханада керісінше еңбекақыны қысқартып жатқандарына не себеп болды? 


Бақыт КЕНШІНБАЕВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазір бұл аурухананың структурасы өзгеруіне байланысты еңбек кодексіне сүйеніп, қызметкерлерінің нагрузакаларына қарай штаттық кестелері және еңбек ақы есептемелерін қайтадан әкімшіліктер қарап жатыр. Сонымен қатар, аурухана әкімшілігі барлық қызметкерлерге хабарлама берді. Оларға бір айдан кейін келісім-шартқа отырады. Енді жоғарыда айтып кеткендей, Еңбек кодексіне сәйкес, нагрузкасын қарайды. Артық штат болса, оны кемітеді. Артық зарплата болса, оны азайтады. Соған заңға сәйкес, еңбекақысын реттейді. Бұны енді Еңбек испекторларымен бірлесіп отырып, жұмыс жасалып жатты. Енді оның бәрі қысқарады деген сөз емес. Бірақ, аздап кейбір кісілердің штаттағы бірліктері азаяды. Ол рас.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Жақсы, Қазалы аудандық ауруханасының қызметкерлері жауап алды деп үміттенеміз. Сұхбатыңызға рақмет! Еске салайын бізбен байланыста болған Қызылорда облыстық Денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Бақыт Кеншінбаева. Қымбатты көрермен, сізді де алаңдатқан мәселе болса, экранда көрсетілген телефонға хабарласыңыз! Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауап іздейміз.