Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбенің Шалқар қаласында жасөспірімдер пышақтасып, 16 жастағы бозбала жарақат алды

  • AstanaTV
  • 29 қаңтар 2020
  • 4203

Ақтөбе облысының Шалқар ауданында жасөспірімдер төбелесіп, 16 алты жастағы бозбала пышақ жарақатымен ауруханаға түсті. Оқиға дүйсенбі күні болған. Төбелеске Шалқар қаласының №8 орта мектебі мен Әліби Жангельдин атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушылары қатысқан. Жасөспірімдер әуелі әлеуметтік желі арқылы жанжалдасқан. Оның арты төбелеске ұласқан. Жұдырықтасуға барлығы алты бала қатысып, 16 жастағы жасөспірім пышақталған. Дәрігерлер баланың жағдайы орташа деп отыр.

Ерболат САРҚҰЛОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:


Осы қылмысқа қатысы бар күдіктіні анықтап және осы жандалға қатысқан оқушыларды анықтап, полиция бөліміне жеткізілді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99 бабы «Адам өлтіруге оқталу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
     
Айта кетейік, жыл басталғалы облыста жасөспірімдерге қатысты 16 қылмыстық іс тіркелген. Жасөспірімдер арасында төбелес осымен екінші рет болып отыр. Бұған дейін де қаладағы №10 мектептің 11 сынып оқушылары төбелесіп, бір бозбала жарақат алған еді.

Б. Рахметова