Русский Сайттың толық нұсқасы

Мұндай боран жарты ғасырда болмаған

  • AstanaTV
  • 29 қаңтар 2020
  • 2798

Елде қар құрсауынан 3 мыңнан астам адам құтқарылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілдері хабарлады. Министрлік бұрқасында адасып кеткендер табылып, қалың қар астында қалғандар құтқарылды деп отыр. Ал "Қазгидромет" өкілдері қаңтарда жауған қар рекордтық дәрежеге жеткенін айтты. Қысқа мерзімді болжау бөлімінің бас инжинері ел тарихында мұндай қалың қар соңғы рет 1964 жылы жауғанын жеткізді. Бұл әдеттегі нормадан 3 есе көп. Қар мен боран сейілгенімен, енді аяз күшіне мінеді деп отыр.

Лаура САЙЛЫБАЙ, "ҚАЗГИДРОМЕТ" РМК ЖЕТЕКШІ ИНЖИНЕР-СИНОПТИГІ:

Солтүстік, Орталық және шығыс аймақтарда аяз күтілуде. Күндіз -25-30 градус, кей жерлерде 35 градусқа дейін суық болады. Ал, оңтүстік аймақтарда -5-10 градусқа дейін төмендейді. Мұндай ауа райы алдағы 3 тәулікке дейін созылады.

Ғ.Өтемісов