Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыдағы аурухана науқасты ақысыз емдеуден бас тартқан

  • AstanaTV
  • 30 қаңтар 2020
  • 5417

Алматыдағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы хәл үстінде жатқан адамға тегін медициналық қызмет көрсетуден бас тартқан. Науқастың әйелі осылай деп шағымданды. Оның айтуынша, дәрігерлер емге 2 миллион теңге талап еткен көрінеді. Аршын Кемелжан мәселеге араласып көрді.

Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны Марина Краснованың күйеуі жедел панкреатитке шалдығып, ауруы асқанып кеткен. Екі күн бұрын оны Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы қабылдыпты. Алайда, хәл үстіндегі науқасқа «мемлекеттік квота рәсімдеу уақыт алады» деген шешіммен ақылы бөлімге жатықызылған. Ең сорақысы, Марина емге қажет 2 миллионды таба алмапты. Сондықтан науқасты үйіне қайтару туралы шешім шығарылған көрінеді. 

Марина КРАСНОВА, ТҰРҒЫН:

Дәрігерлер біз келген күні бұл ауруды емдей алатындарын айтты. «Аяққа тұрып кетеді» деді. Бүгін міне 2 миллион теңге төленбегендіктен ауруханадан шығуымызды талап етті. Ал Есік қаласындағы ауруханадан мемлекеттік квота жасауға болатынын айтқан. Мұндағы дәрігерлер квота жасауға уақыт жоқ екенін айтты.

Аталған мәселенің анық-қанығын білу үшін ауруханаға бардық. Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жұбайы ақылы бөлімді өз еркімен таңдаған. Алайда ауруханадан шығармайтын болды. Науқас  бірден жансақтау бөліміне ауыстырылып, емдеу үшін мемлекеттік квота рәсімделетін болды.

Алмат ЧОРМАНОВ, Н. СЫЗҒАНОВ АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Бізге екі тәулік бұрын 1971 жылы туылған науқас ақылы бөлімге келіп түсті. Сараптама жасалып, асқынған жедел панкреатитке шалдыққаны анықталды. Пациенттің жағдайын қалыпқа келтіру үшін бірқатар ем жасалу керек. Ауру өте қауіпті болғандықтан бүгін шешім қабылданып, тегін емделетін болды.

Сырқаты ауыр науқас аурухадан шығарылмайтын болды. Оның есесіне тегін ем де жүргізіледі. Бірақ мұндай ауруға шалдыққан әрі асқынған түрінде айығып кету мүмкіндігі бар болғаны 30 пайыз екен.

А. Кемелжан