Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда бюджет қаражат жымқырды деген күдікпен тағы шендіге қатысты қылмыстық іс қозғалды

  • AstanaTV
  • 30 қаңтар 2020
  • 2705

Павлодарда тағы бір шендіге қатысты жемқорлық фактісімен тергеу басталды. Бұл жолы шаһардың «Шаңырақ» мәдени-сауық орталығының директоры бюджет қаражат жымқырды деген күдікке ілінді.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі, Керекудегі «Шаңырақ» орталығының басшысына қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол жалған құжаттар жасау арқылы қомақты қаржыны иемденді деген күдік бар.  

Дархан ҚҰРАҚБАЕВ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген шығын көлемі есептелініп жатыр. Алғашқы тексеру нәтижелері бойынша қаржы көлемі 10 млн. теңгеден асып жығылады. Сондай-ақ, осы іске қатысы бар басқа да тұлғалар тексерілуде. Өзге ақпаратты жариялауға рұқсат етілмейді.

Мән-жайды білу мақсатымен, «Шаңырақ» орталығына бардық. Алайда, мекеме басшылығы орнында жоқ. Орталық қызметкерлері бастықтарының ауырып жатқанын айтты. Тіпті ауруханаға түсіп қалған, деді. Бірақ ресми ақпарат беруден қашты.  

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Риза Аяпбергенова,-Шаңырақ орталығын 2017 жылдан бері басқарып келеді. Мекемеде 100-ден аса адам қызмет етеді.

Ө. Қуанар