Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада айтыскер ақындар мен жыршы-термешілер кеңсесі ашылды

  • AstanaTV
  • 30 қаңтар 2020
  • 3451

Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы» қоғамдық бірлестігінің, бүгін Нұр-Сұлтанда филиалы ашылды. Орталықтың құрылуына «Nur Otan» партиясы мен қалалық әкімдік ұйытқы болған. Жаңа кеңсенің ашылуына ұлттық өнерді насихаттаушылар қатысты. Олар енді қалада өтетін әрбір дүбірлі додаға дайындықты осы жерден пысықтамақ. Ал бұған дейін мұндай орталық Алматы қаласында ғана болған еді.

Жүрсін ЕРМАН, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, АҚЫН:

Бұл бір орындық алып қойып, кеңседе отыру емес. Осы маңайдағы барлық ақындардың басын қосып, оларды үйретіп, оқытып, баулып, айтыстарға дайындап, бұл енді спорт сияқты нәрсе ғой. Ақындарды бір-бірімен қағыстырып қойып, тренинг жасап, жолын үйрету арқылы ақындарды тәрбиелеу. Айтыстарды өткізу орталығы бұл.

Ерлан ҚАРАБАЛАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫ САЯСИ ЖҰМЫС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бұл жұмыстардың барлығын біз «Nur Otan» партиясы халықаралық айтыс ақындарының одағымен бірлесіп, арнайы меморандум қол қою арқылы жұмыс істеп отырмыз. Былтырғы жылға 80-ге жуық айтыс ұйымдастырылады. Халықаралық және республикалық деңгейде 19 айтыс өтеді.

А. Мүтәлі