Русский Сайттың толық нұсқасы

Жастар төтенше жағдайдың алдын алуға атсалыса бастайды

  • AstanaTV
  • 10 қазан 2017
  • 2730

Жастар төтенше жағдайдың алдын алуға атсалыса бастайды. Бүгін «Жас Отан» жастар қанаты мен Төтенше жағдайлар комитеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру бойынша бірлесе жұмыс жүргізбек. Ынтымақтастық табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға, профилактикалық іс-шаралар жүргізеді. Тұрғын үй секторларында аула-ауланы аралау, көпқабатты үйлердегі жиындар, тұрмысы нашар, аз қамтылған жандар мен қарттар арасында рейдтер жүргізуді көздейді.

Данияр Сүндетбаев, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы:

Біз бір бірімізге көмек қолын созуымыз керек. Барлығын төтеншеліктерге артып қоюға болмайды. Азаматтық қоғам да атсалысу керек. Жастар да. Біздің жастар ел тұрғындарына көмектесуге әзір, патриоттар.