Русский Сайттың толық нұсқасы

"Nur Otan" партиясы да сыбайлас жемқорлықпен күресіп келеді, - Б.Байбек

  • AstanaTV
  • 31 қаңтар 2020
  • 2069

"Nur Otan" партиясы да Елбасының тапсырмасымен сыбайлас жемқорлықпен күресіп келеді. Партия өз алдына сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс форматы мен тәсілдерін жетілдіру бойынша нақты міндеттер қойылған. Бұл туралы агенттік отырысына қатысқан Бауыржан Байбек айтты. Партия төрағасы Бірінші орынбасарының айтуынша, осы кезге дейін құқықбұзушылықтарға жол бергені үшін партияның 196 мүшесі жауапкершілікке тартылған. Олардың арасында Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстары әкімдерінің орынбасарлары, облыстық басқармалар мен аудан әкімдіктерінің басшылары бар.

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Партия жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзекті мәселелер өткір талқыланып, осы бағытта заңнаманы жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар енгізілетін белсенді алаңға айналды. 2019 жылдың 2-ші жартыжылдығында орталық және аймақтық деңгейде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестердің отырыстары өткізіліп,  білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету сұрақтары, сонымен бірге аймақтық Кеңестердің  жұмысы қаралды.

А. Данияр