Русский Сайттың толық нұсқасы

Тараздағы бейімдеу орталығының мейірбикесі үй-күйсіздер жарамсыз дәрі-дәрмек берілгенін мәлімдеді

  • AstanaTV
  • 04 ақпан 2020
  • 2575

Тараздағы бейімдеу орталықтарының бірінен дау шықты. Дәрігерлер үй-күйсіз науқастарды жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектермен емдеп келген.  Мекеме мейірбикесі осындай мәлімдеме таратты. Әлеуметтік желіні кезіп кеткен ақпараттың анық-қанығын Берік Жұмабайұлы анықтап көрді.

Мейірбике Халифа Бүркітбаева 5 жылдан бері осы бейімдеу орталығында жұмыс істейді. Айтуынша, бұрын мұндай қиындықтар болмаған. Ал өткен жылдан бастап аға мейірбике «жарамдық мерзімі өтіп кеткен дәрілерді науқастарға салыңдар» деп тапсырма берді деп отыр. Қарсылыққа да қарамайтын көрінеді. Сондықтан бейнежазба жасауға мәжбүр болыпты.

Халифа БҮРКІТБАЕВА, МЕЙІРБИКЕ:

Срогі өтіп кеткен дәрілерді салып жатқаны, соның барлығы осы күнге дейін бола бергеннен кейін мен шығаруға мәжбүр болдым. -Қанша дәрінің, қандай түрлері? - Оның барлығын біз жатқа айта алмаймыз. Ол зерттелуі керек еді. Ол журналды біз таппай қалдық. - Ал жаңағы срогі өтіп кеткен дәрілерді сіздерге кім әкеліп өткізді? - аға мед.бике.

Мейірбике мәлімдемесі әлеуметтік желіде тараған соң  жергілікті билік жедел жұмыс тобын құрып, тексеріс жүргізіпті. Алайда ешқандай заң бұзушылық таппаған көрінеді. Орталық директоры да "дәрілердің жарамдық мерзімі өтті деген сөз  жалған" деп отыр.

Гаухар СЕЙІТҚАЗИЕВА, БЕЙІМДЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Арнайы тексеріс барысында жарамдық мерзімі өткен дәрі-дәрмек табылған жоқ. Біз де тексергенбіз. Ал бейнежазбаны түсірген адам ол дәрілерді басқа жақтан алып келген болуы да мүмкін. Өйткені, тексеріс кезінде бір де бір жарамдық мерзімі өткен дәрі табылмады.

Орталық мамандарының пікірі осылай екіге бөлініп отыр. Мейірбике сөзін растайтын куәгерлер бар екенін айтып отыр. Сондықтан прокурорлар құлақ түрсе деп отыр. Ал мекеме басшысы мерзімі өткен дәрілерді дер кезінде есептен шығарып отыратындарын айтады.

Б. Жұмабайұлы