Нұр-Сұлтандық онокологиялық ауруға шалдыққан балалар химиялық ем қабылдай алмай отыр. Науқас бүлдіршіндердің ата-аналары редакциямызға осындай шағыммен хабарласты. Солардың бірі Гүлнар Аскаринова 2 айдан бері мемлекет тарапынан тегін берілетін химиялық дәрі-дәрмектің жоқтығын айтты. Айтуынша, "Ана мен бала" орталығының қызметкерлері бұл жағдайдан хабардар. Алайда ешқандай шара қабылданып жатқан жоқ дейді.
Гүлнар АСКАРИНОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Ана мен бала орталығында химиялық дәрі жоқ. 2 ай бойы алмағаннан кейін бізде злокачественный болғаннан кейін баланың мұрнынан қан кетіп, қайтадан басы айналып давлениесі түсіп кете берген соң біз өзіміз Қазақстан бойынша таппай, Ресейден тасыдық. 133 000-нан бір коробкасы, 5 штугы. Осы айда келмесе қайта-қайта сатып алатын ақшамыз жоқ. Орынбасарына, бәріне кірдік біздің кінәміз жоқ, оны "СК фармация" деген әкеледі екен.
Осы мәселеге байланысты "СҚ ФАРМАЦИЯ" компаниясының дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету басқармасының бас менеджері Батыйхан Алданов бізбен тілдесуге дайын. Қайырлы кеш, Батыйхан мырза! Сіз тікелей эфирдесіз! Хабарласқан көрерменінің шағымын естідіңіз. Неліктен науқас адамдарға дәрі-дәрмек уақытылы жеткізілмеді?
Батыйхан АЛДАНОВ, "СҚ ФАРМАЦИЯ" АҚ ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МЕНЕДЖЕРІ:
Саламатсыз ба? Негізі бұл "Ана мен бала" орталығы бойынша келісімшарт түзілген, жасалған келісімшарт. Сол келісімшарт бойынша "темодал" препораты жеткізу кестесі бойынша ақпан айында тұр. Сол үшін "Ана мен бала" орталығы осы препаратты бүгін 5 ақпан күні алды.
Жақсы, демек бүгіннен бастап науқас балалар ем ала алады деген сөз ғой. Сіздерде аталған дәрі-дәрмек қоры жеткізілікті ме және мекемелер қанша ай бұрын тапсырыс береді?
Батыйхан АЛДАНОВ, "СҚ ФАРМАЦИЯ" АҚ ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МЕНЕДЖЕРІ:
Бұл препарат бізде бар. Бұл препарат тек жалғыз "Ана мен бала" орталығында емес, басқа ауруханаларда қолданады онкологиялық диспансерлерде қолданады. Егер де қаңтар айында болса, қаңтар айында. Егер ақпан айында болса, жеткізу кестесі бойынша алып барамыз біз.
Сұхбатыңызға рақмет! Еске салайын бізбен байланыста болған "СК ФАРМАЦИЯ" компаниясының дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету басқармасының бас менеджері Батыйхан Алданов. Көрерменіміз өз сұрағына жауап алды деп ойлаймыз. Біз "Ана мен бала" орталығына хабарласып көрдік. Балалар ем алып жатқан ұлттық ғылыми орталық мамандары ресми сауал жолдамайынша жауап бермейтіндерін айтты. Қымбатты көрермен, сіздің де толғандырған мәселеңіз болса, экранда көрсетілген телефонға хабарласыңыз! Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауап іздейміз.
А. Данияр