Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады

  • AstanaTV
  • 05 ақпан 2020
  • 2243

Өткен жылы «Nur Otan» партиясының қабылдауына 213 мың адам келген. Елбасымен кездескен партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек осылай деді. Оның айтуынша, ел азаматтарының төрттен бір бөлігі мұң-мұқтажын жеткізу үшін саяси ұйымның көмегіне жүгінеді. Ал ол арыздар өз кезегінде жауапсыз қалмайды. Бауыржан Байбек оның 80 пайызы оң шешімін табатынын айтты. Сонымен қатар, ол алдағы жарты жылда елдің бүкіл өңірін аралап шығуды жоспарлаған. Тұңғыш Президент ел тұрғындарының проблемаларын шешу партияның негізгі міндетті екенін айтып, шалғайдағы елдімекендердің тыныс-тіршілігіне назар аудару керек, деді.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Атыраудан Астраханьға дейін жол саламыз биыл. Ақтөбеден Атырауға дейін жол келеді. Былай қарай Ақтауға дейін жол бар. Үлкен жолдарды бітіріп, аудан ішіндегі жолдарға көшу керек.

Бауыржан БАЙБЕК, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Сіздің тапсырмаңыз бойынша әрбір ауылдық жерде ауылдың арасындағы жерлер бойынша жолдар қарастырып жатырмыз.

Саяси ұйым сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын да пысықтаған. 5 жылға арналған жол картасы дайын. Ал партия мүшелері жыл санап артып келеді. Биыл 20 мың адам қатарға қосылған. Қала берді, 14 аймақтан 800-ге жуық үміткер арасында пилотты партиялық кадрлық іріктеу жүргізген. Ал соңғы саралау сәуір-мамыр айларында өтпек. Биыл партия жақтастарының саны да өсіпті. Ол жарты жылда 2 млн адамға артқан. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Саяси кеңестің кеңейтілген отырысын 18 наурызында өткізу туралы қаулыға қол қойды. Онда партияның негізгі міндеттері талқыланатын болады.

А. Мүтәлі