Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары 2 жыл бас бостандығынан айырылды

  • AstanaTV
  • 06 ақпан 2020
  • 4074

Атырауда облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрсәуле Сайлауова мен білім беру саласы басшыларына қатысты іске нүкте қойылды. Мемлекеттің 110 млн теңге қаржысын талан-таражға салды деп айып тағылған 8 адамға қалалық №2 сот түрлі жаза тағайындады. Экс-шенеунік Нұрсәуле Сайлауова 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ өмір бақи мемлекеттік қызмет пен ұлттық компанияларда жұмыс істей алмайды. Өткен жылы 18-наурызда тергеу абақтысына қамалған Сайлауованың қамаудағы әр күні екі күн болып есептелмек. Демек, жуырда бостандыққа шығуы да бек мүмкін. Ал жетім балалардың жаңа жылдық ертеңгіліктерінен ақша жеген облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Роза Қабдолова болса 4 жыл арқалады. Оның басшысы болған Қайырғали Кенжеғалиев 2 жылға шартты жазамен шектелді. Сотталушылар келтірілген шығынның жартысын мемлекет пайдасына өтеп үлгерген. Қазір қалған сумма 51 млн тенге.

Жұмағали ТАШИМОВ, АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ №2 СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

51 млн-дай мемлекетке зиян келтіріп отыр. Бұл басты әдістемелік орталықта жүргізілген шаралар уақытында жүргізілмеген, жеке кәсіпкерлердің бәрі таныстары болған. Жұмыстың жартысын жасаған, жартысын жасамаған. Формальды түрде жасалған, заттар жеткізілмеген. Сонымен қатар  жаңа жылдық шыршаларға бөлінген ақша қаражаттарын  өздерінің таныс жеке кәсіпкерлеріне ауыстырып,  бұл  ақшалардың 10 пайызын жеке кәсіпкерлерге беріп,  қалғанын 90 пайызын алып, 90 пайызға өздері жұмыстар жүргізген.

Атырауда облыс әкімінің орынбасары болған Нұрсәуле Сайлауова мемлекет алдындағы шығынын толық өтеген. Ал 3 жыл бас бостандығынан айыруға үкім кесілген оқу- әдістемелік орталықтың директоры Ғабит Қабекенов 3 жыл арқалды.  Алайда бұл үкіммен оның отбасы келіспейді. 

Хафиза ҚАБЕКЕНОВА, СОТТАЛУШЫ Ғ.ҚАБЕКЕНОВТІҢ ӘЙЕЛІ:

Келіспеймін мен келіспеймін. 4 кішкентай балам бар. Және аяғым ауыр. Әділетсіз беріп отыр. Келіспеймін. Следователь мойыындатқыза беріп, істемеген заттарын мойындатып, условно шығарады деп. Мойындай берсең условно болады деп. Міне енді.

Б. Надирқызы