Русский Сайттың толық нұсқасы

Аманжол Әлтайдың «Қазіргі айтыс өнеріндегі заман бейнесі» атты кітабы жарыққа шықты

  • AstanaTV
  • 07 ақпан 2020
  • 6800

Бүгінгі айтыс пен бұрыңғы айтыстың қандай айырмашылығы бар? Ақындар осы заманды қалай бейнелеп жүр? Белгілі айтыскер ақын Аманжол Әлтайдың «Қазіргі айтыс өнеріндегі заман бейнесі» атты кітабынан, осы сауалдарға жауап табуға болады. Жаңа туындының тұсаукесері Нұр-Сұлтандағы Еуразия ұлттық унверситетінде өтті. Айтыскер ақындардың бүгінгі күнді қаншалықты ашық айтып жүргенін астаналықтар ертең өз көзімен көріп, біле алады. Ақпанның 8 күні Абайдың 175 жылдығына арналған Айтыс өтеді. Белгілі ақын Жүрсін Ерманның айтуынша, осы жолғы айтыс бұрынғыдан өзгеше болмақ.

Жүрсін ЕРМАН, АЙТЫС АҚЫНДАРЫ МЕН ЖЫРШЫ-ТЕРМЕШІЛЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОДАҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Айтыстың сипатын өзгертсек. Оны шынайлыққа қарай бағыттасақ деп жаңа талаптар жасадық. Оның ең бастысы ақындар бұрынғыдай күні бұрын жұпталып, дайындалып жатталып-қатталып келмейді. Сахнада халықтың көзінше жұптасады.

Д. Мұхаммедкәрім