Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда Теңіз кенішіндегі жаппай төбелеске қатысты қазақстандық жұмысшыға сот үкімі шықты

  • AstanaTV
  • 10 ақпан 2020
  • 2817

Атырауда Теңіз кенішіндегі жаппай төбелеске қатысты деген қазақстандық жұмысшыға сот үкімі шықты. Қоғамдық тәртіпті бұзды, күш қолданды және үш арабты ұрып-соқты деп айыпталған Сисиепи компаниясының бригадирі Жылыой аудандық сотының шешімімен 300 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылатын болды.

Боранбай ҒАЛИЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

ҚК 62-бабының 3 тармағы негізінде іс бойынша 2019 жылдары үйқамақа және күзетте ұстауда болуына байланысты ҚК 293 бабы 2 бөлігі 1 тармағымен  тағайындалған 300 сағаттық қоғамдық жұмысқа тарту жазасы өтелген деп есептелді. 

Сот бұдан өзге жәбірленуші тарапқа 38 мың теңге төлеуді міндеттеген. 26 жастағы жылойлық азамат- тағылған айыппен келіспеді. Естеріңізге салайық, жаппай төбелес былтыр  маусым айында «Теңізшевроил» кәсіпорнының ірі мердігерлерінің бірі СиСИепи компаниясы жұмысшыларының арасында болған еді. Шетелдік және қазақстандық жұмысшылардың қақтығысында 30 адам жарақат алып, Келешек кеңею жобасының Үшінші буын зауыты құрылысы уақытша тоқтаған болатын.

Б. Надирқызы