Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарлық тұрғындысот орындаушылар пәтерінен қуып шықпақшы

  • AstanaTV
  • 12 ақпан 2020
  • 1694

Павлодарлық тұрғын құзырлы органдардан көмек сұрайды. Оны жеке сот орындаушылар үйінен қуып шықпақ.  Салауат Сабыров кәрі ата-анасымен, балаларымен қайда баратынын бімейді. Амалы таусылған тұрғын біздің арнамызға шағымданды. Айтуынша, осыдан 15 жыл бұрын алған несиесін уақытылы  төлей алмағандықтан, банк үйін сырттай сатып жіберген. Мәселенің мән-жайын тілшіміз біліп келді.

Салауат - 2005 жылы кәсіп бастау үшін  банктен 7 млн теңге несие алып, пәтерін кепілге қойған.  Тоғыз жыл бойына ай сайын 150 мың теңге төлеп тұрыпты.  Айтуынша оны серіктестері алдап кетіп, тақырға отырғызған. Қиындыққа тап болған ол банктен несиені қайта қаржыландыруын сұрапты. Алайда, қаржы институты "қарызды қайтара алмады" деген желеумен кепілдегі пәтерді былтыр желтоқсанда сатып жіберген. Әліптің артын бақса, баспанасына қатысты іс сотта қаралып, үйді сату туралы шешім шығарылған. Үй иесі мұнан хабарсыз болғанын айтады. 

Салауат САБЫРОВ, ЖӘБІРЛЕНУШІ:

Үйдің телефонына сообщение жібереді. Бірақ, біз қарасақ ол телефон біздік емес. Басқа бір ненікі екенін біз доказать ете аламыз. Біз Қазақтелекомнан адвокат заявление беріп, доказатствосын алдық. Бірақ, оған қарамай, ол сотты тексерсек, судебный исполнитель да болмаған. Банктің ғана адамы болған. Сот өткен. И біздің үйді сатуға қойған.


Амалы таусылған жігіт ағасы банкті сотқа беріпті. Бірнеше мәрте сот өтсе де, жеңіліс тапқан. Банк 6 бөлмелі үйді небәрі 7 жарым миллион теңгеге сатып жібергенін түсіне алар емес.  Өйткені оның пәтерінің нарықтағы бағасы кем дегенде 25 млн теңге болуы тиіс деп отыр.

Салауат САБЫРОВ, ЖӘБІРЛЕНУШІ:


Мен 14 жыл кредит төлеймін. Қаншама ақша берем. 7 млн алам, бірақ, 20 млн-нан аса төлеймін. Сонда да мен 7 млн қарыз болып қалып, олар менің үйімді сатып далада бала-шағаммен қалдырып қояды.

Баспанасының шығаратын болса, қайда барарын білмей дал. Үйінде 2 баласы мен кәрі ата-анасы бар.  Банк өкілдері бұл мәселеге қатысты түсінік беруге құлықсыз. Өз тұтынушысы туралы мәліметтер үшінші тұлға берілмейді дегенмен шектелді.

Әнел ҚҰСАНОВА,ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:


Сотқа ұсынылған материалдар арасында Сабыровтар отбасы, жағдайы төмен топқа жататыны жөнінде құжаттар жоқ. Оған қоса, «Тұрғын үй қатынастары» туралы заңның 29 бабы 3 және 3-1 тармақтары бойынша бұл мәселе атқарушылық іс жүргізу аясында  шешілуге тиісті.


Ал заңгер Мақсым Алшынбай да қыс аяқталмай пәтерден қууға ешкімнің құқы жоқ екенін айтады. Бұл туралы «Тұрғын үй қатынастары» туралы заңда көрсетілген деді. 

Мақсым АЛШЫНБАЙ, ЗАҢГЕР:


Жылыту маусымында Қазақстан бойынша жалғыз ғана баспанасы бар адамдарды үйінен күштеп шығаруға тыйым салынған. 42 баптың 6-1 деген тармақшасы бойынша сот орындаушысы орындау өндірісін тоқтатуға міндетті осы мынау жылыту маусымында.


Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Жәбірленушінің айтуынша, пәтерді осы үйде тұратын көршісі сатып алған.  Ал, сот орындаушылары үйді осы айдың соңына дейін босатуын талап етіп отыр. Бұл қаншалықты заңды?
 
 Ө. Қуанар