Русский Сайттың толық нұсқасы

Медициналық көмекке зәру тұрғындар

  • AstanaTV
  • 12 ақпан 2020
  • 4744

Түркістан облысы Отырар ауданына қарасты Маяқұм ауылының тұрғындары арнамызға хабарласты. Олар ауылдағы жалғыз емхананың жабылып қалғанына наразы. Енді 3 мыңға жуық халық емделу үшін 70 шақырым жердегі аудан орталығына баруға мәжбүрміз дейді.

Гаухар СӘТБАЕВА, МАЯҚҰМ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Ауылда менің баламнан басқа ауыратын балалар да көп. Оларға да қиын. Бәрінің атынан сөйлеп тұрмын. Біз Түрістанға барғанның өзінде, тек скорыймен қабылдайды. Былай қабылдау мүмкін емес.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Осы мәселе бойынша Түркістан облысы Отырар аудандық ауруханасына хабарласып көрейік. Бізбен байланыста аурухананың бас дәрігері Райымбек Берікұлы бар екен. Райымбек мырза, қайырлы кеш! Осыған дейін ауылда жұмыс істеп келген медициналық мекеме неліктен жабылып қалды?

Райымбек БЕРІКҰЛЫ, ОТЫРАР АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Қазіргі таңда ешқандай емдеу мекемесі жабылған жоқ. Дәрігерлер де жұмыс істейді. 15 төсек орны бар, соның ішінде 4-і балаларға арналған. Жабылған жоқ. Бәрі дұрыс.
 
Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Бізге хабарласқан көрермен өтірік айтып тұр ма сонда? Олар алдамайтын шығар?

Райымбек БЕРІКҰЛЫ, ОТЫРАР АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Ал сіздерге хабарласқан мәлімет бойынша, онда тек өзгерістер ғана орын алды. Жөндеу жұмыстары ғана болып еді, соған солай айтып тұрған сияқты.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Сұхбатыңызға рақмет! Байланыста болған Отырар аудандық ауруханасының бас дәрігері Райымбек Берікұлы. Қымбатты көрермен, сіздің де өзекті, көкейкесті мәселеңіз болса, хабарласыңыз!  Біз сізбен бірге жауабын іздейміз. Егер заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болсаңыз, экранда көрсетілген нөмір арқылы хабарласып, видео немесе аудио жолдасаңыз болады.

Ғ.Өтемісов