Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда жемқорлық жайлаған ТОП-5 орталық мемлекеттік органдардың көшін Ішкі істер министрлігі бастады

  • AstanaTV
  • 13 ақпан 2020
  • 5709

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі елімізде жемқорлық жайлаған министрліктердің алғашқы бестігін жариялады. Көштің басын Ішкі істер министрлігі бастапты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша полицейлердің қатысы бар 297 факт тіркелген. Ал екінші орында ел қазынасына жауапты Қаржы министрлігі. Онда жемқорлыққа қатысты 49 факті анықталған. Үшінші Қорғаныс, төртінші Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі. Бестіктің соңына  Ауыл шаруашылығы министрлігі жайғасыпты.

Анар ЖАРОВА, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ПРЕВЕНЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Құқықтық статистика органдарының мәліметтері бойынша, өткен жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталғандар саны 1002 адамды құрады. Бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 7%-ға аз. Сотталғандар ішінде 515 адам - орталық мемлекеттік органдардың, 261 адам - жергілікті атқарушы органдардың қызметкері. 37-сі квазимемлекеттік сектор өкілі болса, 189-ы өзге тұлғалар.

Ал әкімдіктіктердің рейтингіне келсек, былтыр жергілікті атқарушы органдардың ішінде Түркістан облысы көш бастаған. Екінші орында Шығыс Қазақстан және үшінші Жамбыл облысы.

Ә. Өмірзақ