Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда Ұлттық халық санағын өткізу үшін бюджеттен 8,2 миллиард теңге қарастырылған, - Н.Айдапкелов

  • AstanaTV
  • 13 ақпан 2020
  • 3943

Қазақстанда Ұлттық халық санағын өткізу үшін бюджеттен  8,2 миллиард теңге бөлінбекші. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов айтты. Үкімет жарлығына сәйкес, санақ биыл қазан айының 1-і мен 30-ы аралығында жүргізілмек. Араға 11 жыл салып қайта өткізгелі жатқан ұлттық санақтың биылғы ерекшелігі неде? Әріптесім Асылбек Данияр тақырыпты жалғастырады.

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:


Ұлттық халық санағы еліміз тәуелсіздік алғалы осымен 3 рет өткелі отыр. Өткен жылдармен салыстырған бөлінген қаржының көлемі де аз емес. Мәселен 2009 жылғы санаққа 6,5 миллард теңге жұмсалса, биыл 8 миллиард 211 миллион теңге бөлінген.

Тікелей халық санағына, жасы 18-ге толған 32 мыңнан астам адам жұмылдырылады. Оларға 75 000 теңге мен 94 000 теңге аралығында жалақы да қарастырылып қойған. Сонымен бірге, алдыңғы жылдары қайталанған оқылықтарды түзету үшін министрлік толығымен цифрлық жүйеге көшетіндерін де айтты. Және аудан-ауылдарға бөлінген санақшылардың қауіпсіздігі үшін қасында учаскелік полицейде бірге жүретін болады.

Нұрболат АЙДАПКЕЛОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ СТАТИСТИКА КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біріншісі- қағаздан жаппай түрде біз бас тарттық. Қағазбен, қарындашпен толтыру болмайды. Екінші мәселе - интернет. Арнайы интернет сайтқа кіріп әркім, әр адам өз бетімен толтыра алады. Ол негізі өте ыңғайлы нәрсе.


Статистика комитетінің төрағасы 2009 жылғы халық санағы кезінде қазынадан бөлінген 1 миллиард 144 миллион теңгенің талан-таражға салынып,  бір¬қатар мемлекеттік лауазымды қызметкерлер жауапқа тар¬тылғанын да айтты. Сондай-ақ  сол жылғы санақта кел¬тірілген статистикалық де¬ректердің басым бөлігі жарамсыз болып шыққан. Комитет төрағасы бұл жолы сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейтінін қадап айтты.

Нұрболат АЙДАПКЕЛОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ СТАТИСТИКА КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Статистика комитетінің азаматтары, жұмысшылары олар мемлекеттік сатып алу процесіне қатыспайды. Неге десеңіз, өздеріңіз білетіндей қаржы министрлігінің ішінде арнайы сайт бар. Сол жерде электронды түрде бүкіл сатып алулар жүргізіледі. Бұл жерде бізге келетін ешқандай қауіп қатер жоқ.

Статистика комитетінің мәліметінше санақты өткізу әу- баста 2019 жылға жоспарланған екен. Жүйенің техникалық мәселелеріне байланысты кейінге шегерілген. Биыл қазанда өтетін Ұлттық халық санағы екі кезеңнен тұрады. Сондай-ақ кез келген азамат қазан айының 1 мен 15 аралығында онлайн сауалнама арқылы деректерін тіркей алады.

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:

Ұлттық халық санағы өз мерзімінде аяқталса, алғашқы ақпараттар желтоқсан айында, ал нақты халық саны 2021 жылдың соңына таман жарияланбақ.

А. Данияр