Русский Сайттың толық нұсқасы

Жаңа ереже ПИК өкілдерінің көңілінен шықпай отыр

  • AstanaTV
  • 13 ақпан 2020
  • 3773

Елде пәтер иелері кооперативтері жойылып орнына мүлік иелерінің бірлестігі құрылды. Десе де жаңа жүйе толықтай енгізілуі үшін кемі екі жыл уақыт қажет. Осылай деген тұрғын үй саясаты басқармасының өкілдері бұл өзгеріс мемлекеттің «Бір үй - бір бірлестік - бір есепшот» қағидасына негізделген дейді. Аталмыш жүйеге пәтер иелері кооперативі не дейді? Тараптарды Әсем Лесбек тыңдап көрді.

Мына көп қабатты тұрғын үйдің жартысында, қызмет көрсетуші ұйым атымен жоқ. Тұрғындар мүлік иелері бірлестігін әлі құрып үлгермеген. Ал қарсы бетіндегі пәтерлердің өз бірлестігі бар. Тұрғындар жаңа жүйеге жақында ғана жеттік дейді.

Айдана ШҮЙІНШӘЛИЕВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Ештеңке істелген емес, бізде подъезде отопление жарылған екі жыл тұрды. Екі жылдың басында бізде өте қатты суық болды. Үйіміздің іші мұз қатқан күні болды. Қалай «Фасилити» келді солай жұмыстың қарқынын көрсете бастады. Шақырасың, бірден келіп істей бастады. Негізі Фасилити компаниясы ол бізге қызмет етуші компания. Договорға протоколға бір жылға отырдық біз.

Тұрғындар қызмет етуші компания өкілін өз араларында сайлаған. Ең белсендісіне пәтер жұмыстарын сеніп тапсырған.

Дана РАХИМОВА, ЗЕРДЕЛІ ШАҒЫН АУДАНЫН БАСҚАРУШЫ ӨКІЛІ:

Мен лично өзім 1 июньнен бастап 2019 дың сол кезден бастадым жұмыс істеп. Мен бұрында активист болғаннан кейін, мен бірнеше хатта жаздым, обрещение да жаздым. Я сама решала сол сұрақтарды жүгіріп тұрып, жеткізіп.

Дегенмен үйді жамап-жасқауға қажетті қаражатты жинау мәселесі біраз қатаңдай түскен. Әрбір пәтер иесі бұған нотариус арқылы міндеттеледі. Егер уақытылы төлемесе, онда сот арқылы өндіріп алынады. Осылайша мамандар барлық қаржылай операциялар мен үйді түгелдей тұрғындардың басқаруына мүмкіндік туып отыр дейді.
 
Мейіржан ОТЫНШИЕВ, ТҰРҒЫН ҮЙ САЯСАТЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Биылдан бастап көп қабатты үйлердің басқару жүйесі өзгерді. Бұған дейін 900 кооператив болса енді 84 мыңға дейін басқарушы компания пайда болуы мүмкін. Әр үйдің өз басқару кеңесі болуы тиіс. Олар жыл сайын жиналып өз төрағаларын тағайындайды.

Мамандар бұл бұрынғы пәтер иелері кооперативі бірден жойылып кетеді деген сөз емес деді. 2022 жылдың ортасына дейін оны қалдыруға мүмкіндік берген. Әйтсе де жаңа ережеге пәтер иелері кооперативі қырын қарап отыр.

Қазыбек ШАЙХ, ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ:


Әр үйден бір ОСИ ашылуы керек. Оған кем дегенде 8 мың маман керек болады. Ондай маман жоқ. Қазір біз 8000 ОСИ-дың басшысын сайласақ олардың тәжірибесі жоқ. КСК-ның жұмысының түп негізін түсінетін адам жоқ қазір. Соны жинауымыз керек. Сондай жұмыстар атқарылуы үшін қазір әр әкімшілікте аудандық немесе қала әкімшіліктерінде осындай жұмысты атқара алатындай орталық ашуымыз керек.


Ал басқарма өкілдері кооперативтер мүлік иелерінің бірлестігіне айнала алмайды деп отыр. Оған заң жүзінде мүмкіндік жоқ. Дегенмен жаңа ұйым қызмет көрсетуші ретінде бұрынғы кооператив өкілдерін жалдауына болатынын жеткізді. Сондай-ақ, әр үй жеке-жеке компания сайлайтындықтан тариф құны өсуі мүмкін деген де болжам жасады.

 Ә. Лесбек