Русский Сайттың толық нұсқасы

"Bek Air" авиакомпаниясы жұмысын жалғастыруы мүмкін

  • AstanaTV
  • 17 ақпан 2020
  • 2330

Bek Air әуе компаниясы жұмысын жалғастыруы мүмкін. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі осындай хабарлама жасады. Олар ақпанның соңына дейін алдын-ала жүргізілген тексеріс нәтижелерін компанияға жолдамақ. Ал, Bek Air басшылары 6 ай ішінде ол қателіктерін жоюы тиіс. Әкімішіліктің бас директоры Питер Гриффитс барлық талаптар орындалса, компания нарыққа қайта орала алады деп отыр.

Питер ГРИФФИТС, ҚАЗАҚСТАН АВИАЦИЯ ӘКІМШІЛІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:


Мұндай борттар тек артта қалған мемлекеттерде қолданылады. Маған салса, сертификатты бермей қоятын едім. Бірақ, заң шеңберінде жұмыс істеуге мәжбүрміз.

Алматыда болған бұл апаттың салдарынан елдегі авиация саласына қауіп төніп тұр. Қазақстан Еуро Одақтың қара тізіміне енуі де ғажап емес екенін айтты. Авиация әкімшілігінің дерегінше, БекЭйр 2016 жылғы тексеріс кезінде халықаралық Одақ анықтаған олқылықтарды әлі күнге жоймаған.

Ғ.Өтемісов