Русский Сайттың толық нұсқасы

Ислам Әбішев - 5 жылға, Серік Төкеев - 4 жылға бас бостандығынан айырылды

  • AstanaTV
  • 18 ақпан 2020
  • 4458

«60 млн теңге пара алмақ болды» деп айыпталған Су ресурстары жөніндегі комитетінің бұрыңғы басшысы Ислам Әбішев 5 жылға, ал бүкіл әлемдік қазақша күрес Федерациясының вице-президенті болған Серік Төкеев - 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Нұр-Сұлтан қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты осындай үкім шығарды. Айыптаушы жақ Ислам Әбішевке 10 жыл, ал Серік Төкеевке 8 жыл сұрағанын атап өту керек. Судья сондай ақ сотталуышлардың адвокаты Абзал Құспанға қатысты және блогер мен журналистке қатысты арнайы жеке қаулы шығарды. Олар «Сот үкімі шықпай тұрып жалған ақпарат таратты» деп айыпталды. Қаулы қалалық Прокурор назарына және республикалық адовкаттар алқасына жолданды. Үкімді түсіндіру кезінде судья залды тыныштандыруға мәжбүр болды. Себебі, судья сотталушы Серік Төкеевтың «орысша түсінбеймін» деген уәжін негізсіз деп таныған еді. Бұл сотталушылар мен адвокаттардың наразылығын тудырды.

Қажымұқан МЕКЕМТАСҰЛЫ, ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНІДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТТЫҢ СУДЬЯСЫ:

Сот келесі негіздер бойынша, негізсіз деп санайды. Себебі сіз жоғары білімдісіз. Ол бір деңіз. Екіншісі. Сіздің қызметіңіз бойынша сіз қазақ күресі федерациясының вице-президенті боласыз. Сол себептен сіз орыс тілін білуіңіз... білесіз. Себебі... Тыныштық сақтаңыздар.

Д. Мұхаммедкәрім