Русский Сайттың толық нұсқасы

Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкері өз-өзіне қол салды

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2020
  • 2680

Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкері өз-өзіне қол салды. 29 жастағы Асқар Назыров Аққайың ауданында кәмелеттік жасқа толмаған балалар бойынша инспектор болып қызмет істеген. Әріптестері марқұмның басшылығымен сыйыспағаны жайында хабарлады. Ал оның туғандары Асқардың суицидке жол бергеніне сене алар емес. Аймақтағы әріптесім Абзал Құрманкин тақырыпты тарқатады.

Қайғыдан қан жұтқан Назыровтар әулеті Асқардың салмақты, жұмысына жауапты болғанын айтады. Үйдің жалғыз ұлы құқық қорғау саласына үш жыл бұрын келген. Ол қызметіне адалдығын әріптестері де мойындайды. Тәртіп сақшысы жергілікті хоккей командасының кауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін басқа ауданда өткен жарысқа бірге барған екен.

Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ:


Әкесінің айтуынша, хоккей турнирі Есіл ауданында өткен. Бірақ жарыстың соңғы күнінде Асқар онда болмаған көрінеді. Күні бойы әкесімен де хабарласпаған, оның мәйітін сол күні кешкісін жалдамалы пәтерден тапқан. Марқұмды асылып тұрғынан көршілер байқап қалыпты. 

Сән ЖҰМАҒАЗИНА, СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

15 ақпан күні облыс орталығындағы жалдамалы пәтерде 1991 жылы туған Смирнов ауылының тұрғыны өз өзіне қол жұмсады. Аталған факті ҚР ҚК 105 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп тексерілудің тізіміне енгізілді. Аққайың ауданы полиция бөлімі қызметкерінің суицид жасау фактісі бойынша өзіндік қауіпсіздік басқармасымен қызметтік тергеу жүргізілуде.

Марқұмның туғандары оның өз өзіне қол салғанына сенбейді. Өйткені Асқардың болашаққа құрған жоспары көп еді дейді. Ағайын туыстары марқұмның денесінде күдік туғанызатын жаралар болғанын жеткізді.

Әлфия РАКИШЕВА, АСҚАР НАЗЫРОВТЫҢ АПАЙЫ:

Бетінде тырналғанның іздері болды, маңдайында. Беті көгерген. Мұрны өзікіндей емес, ұрғандай көрінді. Ісіңкіреген сияқты. Кішкене қаны болды. Соны байқадым. Денесін ашып қараған жоқпыз.Қарағандар сол жақ иығында царапина бар деді.

Асқардың әріптестерінің пайымынша, суицид жасауға аудандық полиция бөлімінің басшысы себеп болуы мүмкін. Жуырда белгісіз біреу әлеуметтік желіде полиция бөлімінің ішкі ахуалы жайындағы ақпараттарды жайып салған. Осыдан кейін жергілікті тәртіп сақшыларының басшысы қол астындағыларға қысым көрсетіпті.

Аққайың ауданы полиция бөлімінің бастығы қызметіне Сапаров Руслан Жәнібекұлы келгеннен бері жұмыс істеу мүмкін емес. Күнде жиналыста қызметкерлерді негізсіз сынап, түрлі сөздермен балағаттайды. Полицейлердің көбіне қызметтен кетуге тура келеді. Ал Асқар Назыровты, Петропавлға екінші арнайы бөлімге мәжбүрлі түрде жұмысқа жіберді. Талабын орындамаған жағдайда, жұмыстан шығарам деп қорқытқан. Асқар ауысуға қарсы болды. 


Ендігі үміт полиция департаментінің қауіпсіздік қызметі қолға алған тергеу амалдарын да ғана. Ол шамамен екі айға созылмақ. Асқар Назыровтың туысқандары тергеу әділ жүргізілмесе, прокуратураға шағымдануға бекініп отыр.

А. Құрманкин