Русский Сайттың толық нұсқасы

Көліктерін сатпақ болған атыраулықтар, алданып қалды

  • AstanaTV
  • 20 ақпан 2020
  • 4764

Атыраулықтар тағы да алданып қалды ма? Бұл жолы бірі көлігін қымбатқа сатпақ болып, ал енді бірі депозитке ақша салып пайда таппақ болған. Бірақ салымшылар кешелі-бері қаржы ұйымын таба алмай жүр. Тілшіміз мәселеге үңіліп көрді.

"Көлігін сатамын" деп жарнама берген Зоя Көпбергенова өзіне проблема тауып алғанын кеш түсінген. Нарықтағы құны 3 млн теңге болатын "Тайота" көлігіне, «Нұр-Али» капиталы 3 млн 600 мың ұсыныпты. Тіпті келісім-шарт жасасып, көлікті жеткізіп берген. Бірақ әлі ақшасын ала алмай жүр.

Зоя КӨПБЕРГЕНОВА, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
18-інде ақшамды алайын деп мәз болып келдім. Келсем, бәрі есіктің алдында тұр «ақша жоқ», - деп айтты деп. Ішінде отыр. Біртіндеп кірің деп.  Договорымды қарады да сіз пнд аласыз деді маған. 1-2 күн бұрын кеп бізде проблема болып қалды,- деді.

Кешелі-бері аталған қаржы ұйымы орналасқан ғимаратты жүздеген адам торуылдап жүр. Компания өкілдері 35 пайыз өсіммен аласың деп жұртқа депозит аштыртқан. Осылайшы бірі көліктен, екіншісі депозиттен пайда таппақ болғандар, енді күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айрылды. Араларында баспанасын сатып, қомақты ақша салғандар да бар екен.

Марат БАЙДЕШОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 
Осы екі-үш ай бұрын көлігімді сатқам. Ақшамды түгел алдым. Енді қазір таңда 2 млн көлемінде депозитке ақша салдым.  Сол ақшамды аламын ба деп естігеннен кейін мән-жайды білейін деп келдім мына жерде адам жоқ офисте.

Шыңболат СҮНДЕТОВ, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Тек өзімдегі 3 миллион жарым салып тұрмын мен, айналамда тағы жетеді. Әлібидің өзі де жоқ. не менеджерлері де жоқ. Кеше кештен бері жоқ. телефондары өшірулі.  Түгел алданып калған кісілер. 300-400 адам бар шығар.


Компания өкілдерімен тілдеспек болған әрекетімізден түк шықпады. Бізде оларды орындарынан таппадық. Мазасы қашқан тұрғындар полицияға жүгінді. 

Гүлнәзира МҰХТАРОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨКІЛІ:

 
Қалалық полиция басқармасына аталған мекемеге қатысты күні бүгін қала тұрғындарынан 5 арыз түсіп, тіркелді. Арыздар бойынша, тексеру жұмыстары жүргізілуде.

"Сан соғып қалғандарға" заңгер Айдос Ибрайымов, құқық қорғау органдары арқылы көлікті қайтаруға болатынын ескертеді. 

Айдос ИБРАЙЫМОВ, ЗАҢГЕР:
 
Автокөліктерді қайтару мүмкіншілігі бар. Ол үшін сотқа арыз беріп, шартты жарамсыз деп тану керек. Шартты бұзу керк. Сол кезде ғана автокөліктерді кейін қайтаруға болады.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Алданғандардың айтуынша «Нұр-Али» капиталының иесі 29 жастағы Ақтөбе тұрғыны. Қазір ол да, оның қарамағындағылардың телефондары өшіп тұр.(звонок жасау)  Пайда табамын деп арбауға түскен атыраулықтардың саны әзірге белгісіз.

Б. Нәдірқызы