Русский Сайттың толық нұсқасы

Арқалықта студенттері жаппай қызылша жұқтырған

  • AstanaTV
  • 20 ақпан 2020
  • 1973

Қостанай облысындағы Арқалық қаласында қызылша жұқтырған 29 адам ауруханаға жатқызылды. Олардың дені педагогикалық институттың студенттері. Науқастардың барлығы қаладағы өңірлік аурухананың инфекциялық бөліміне оқшауланып, тиісті ем-шаралар тағайындалған. Науқастардың жағдайы бірқалыпты, дерттің ауыр белгілері байқалмайды,-дейді дәрігерлер. Облыста бұған дейін қызылша дерті соңғы рет былтыр жазда тіркелген.

Сәуле НҰРПЕЙІСОВА, ОБЛЫСТЫҚ ТАУАРЛАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
 
Арқалық қаласы колледждері мен ЖОО студенттері арасында қатынаста болғандарға вакцинацияны регламенттеу мен эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу туралы Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы шықты. Бүгінгі күні 698 қатынаста болған адам егілді.

З. Санай