Русский Сайттың толық нұсқасы

Экс-ректорға қатысты іс "жылы жабылып қала ма"?

  • AstanaTV
  • 25 ақпан 2020
  • 2696

Экс-ректорға қатысты іс тергеліп жатқан жоқ. Мұхаметжан Тынышбаев атындағы қазақ көлік және коммуникациялар академиясының  ұстаздары осылай деді. Айтуларынша құзырлы орындарға бір жарым ай бұрын жазылған арызға қатысты, әлі күнге жауап жоқ. Әріптесім Аршын Кемелжан тақырыпты тарқатады. 

Ректорымен аты шыққан академияның, ғылым кандидаты келешегі үшін алаңдайды. Ол өзіне "қырындаған" экс-басшысына қатысты іс, бұрлаланып жатқанын түсінбей дал. 

ЖӘБІРЛЕНУШІ:

Бірінші арызды берген кезде тергеуші екеумізді шақыртқан. Қалған куәгерлерді шақыртқан да жоқ. Одан кейін істі тұрмыстық факті, деп жауып тастады. Қазір не болып жатқанын білмей тұрмыз. Ешқайдан жауап жоқ.

Жұмыстан қуылған екінші жәбірленуші  болса, төрт ай бұрын басшысының бұйрығымен жылы орнынан айрылған.

ЖӘБІРЛЕНУШІ:

Маған бірнеше рет ұсыныс жасады. Мен бас тарттым. Содан кейін мені қысқартуға жіберді. Мені жұмыстан шығарғаны заңсыз, деп санаймын. Кейін мені жұмыстан тікелей ректордың тапсырмасымен шығарғанын естідім.

"Қысым көрдік" деген оқытушылар "ерсі қылықтар" жоғарғы оқу орнының қабырғасында болды деп отыр. Сондықтан академия басшысына қатысты істі бұрмалауға жол бергісі жоқ. Олар енді Алмалы аудандық сотына арыз берген. 

Думан БАЗАРБЕКОВ, ЗАҢГЕР:

Заң бойынша жәбірленушілердің арызына отыз күн ішінде жазбаша, нақты жауап берілу керек. Алайда, Алматы қалалық полиция басқармасынан әлі күнге жауап жоқ. Жәбірленушілер бір рет қана шақырылып сұралды. Осыдан кейін прокуратуға да арыздандық. Олар да жауап беруге асығар емес. Заңды талап сақталмай отыр. Сондықтан біз істің жауапсыз қалмауы үшін Алмалы аудандық сотына арызандық.

Қалалық полиция департаменті, бұл істі Алмалы аудандық ішкі істер басқармасына тапсырыпты. Дейтұрғанмен тергеу жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр деді.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ Қ. ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Екі азаматшаның Алмалы аудандық ІІБ тіркеліп, қазіргі таңда істі өз өндірісіне тергеушілер алды. Бірінші кезекте екі тарап сұрақ-жауапқа алынды. Содан соң куәгерлер анықталып, олар да сұрастырылды. Қазіргі таңда істің толыққанды, жан-жақты тергелуіне бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Басы дауға қалған бұрыңғы ректорды, ұжымдастары қызметін асыра пайдаланды деп айыптаған еді. Тіпті қарамағындағыларды жыныстық қатынасқа шақырды деді. Осыдан соң, академия басшысы 27 қаңтар күні қызметінен босатылған. Жәбір көрдік деген оқутушылар болса, істің жылы жабылып қалуынан қорқады.
 
А.Кемелжан