Русский Сайттың толық нұсқасы

Бэк-Эйр әуе компаниясының жұмыссыз қалған қызметкерлері құзырлы орындарға арызданбаған

  • AstanaTV
  • 28 ақпан 2020
  • 3237

"Бэк Эйр" әуе компаниясының жұмыссыз қалған қызметкерлері құзырлы орындарға арызданбаған. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық әуе көліктері прокуратурасы мәлім етті. Құқық қорғаушылардың айтуынша, компания қызметкерлері жұмыссыз ретінде тіркелуі керек. Алайда, ешкім тіркелмеген. Аталған мәселе бойынша тексеру жұмыстары басталып кетті. Қызметкерлердің қандай себепке байланысты жұмыссыз қалғаны, компания тарапынан өтемақы берілді ме жоқ па ол жағы анықталып, қажетті шара қолданылмақ.

Айжан ТОЙБЕКОВА, АЛМАТЫ қ. ӘУЕ КӨЛІКТЕРІ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ:

"Бэк-Эйр" әуе компаниясының қызметкерлері бізге арыз жазбады. Біз бұл жағдайды тексеріп, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірге жұмысты қолға алдық. Жұмыссыз қалғандар кезектен тыс еңбек демалысын алған. Болған жағдайға байланысты оларға онда кем дегенде 50 пайыз төлем жасалу керек.

Айта кетейік, Бэк Эйр әуе компаниясының қызметкерлерінің жұмыссыз қалғанын бұған дейін айтқан болатынбыз. Олар БАҚ өкілдері арқылы ел Президентінен көмек сұраған еді.

Ә. Лесбек