Русский Сайттың толық нұсқасы

Апатты үйдің тұрғындары көмек сұрайды

  • AstanaTV
  • 02 наурыз 2020
  • 2568

Қызылорданың іргесіндегі Тасбөгет елді-мекенінде 70-ке жуық отбасы апатты баспанада тұрып жатыр. Редакциямызға хабарласқан олар "өмірлері үшін" алаңдайтындарын айтты. Ғимарат 1987-ші жылы жатақхана типте салынған. Бүгінде қабырғасы сөгіле бастапты. Жылуда ажыратылған, қыс бойы пәтерге пеш жағып шығатындарын жеткізді. Баспана ресми түрде "апатты" деп танылғанына да бір жылға жуықтапты. Бірақ содан бері, үрей үстіне үрей жамағаннан басқа ештеме өзгерген жоқ деп отыр.  Тыңдайық.

Роза, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Бұл үйде зорға апаттыға шығардық. Облыс әкіміне жазылдық. Ол кісі уәде берді. Біреуге звандап ақша бөлгізіп бюджеттен. Үй салып береміз деді. Май мен июньнің аралығы деп уәдесін берді. Әр айдың аяғында қала әкімі тұрғындармен кездеседі. Сол кезде бізге үй жоқ, жерде бөлінбеген, ақша да бөлінбеген сендерге үй жоқ деп айтыпты. Сонымен біз биыл да үйсіз қаламыз ба деп тұрмыз.

Әлішер ӨМІРЗАҚ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Осы мәселеге байланысты Қызылорда қалалық әкімдігімен хабарласып көрейік. Бізбен байланыста тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекция бөлімі басшысының орынбасары Біржан Далабаев бар екен. Қайырлы кеш, Біржан Далабайұлы! Тұрғындардың уәжіне қатысты не айтасыз?

Біржан ДАЛАБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА қ. ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі таңда Қызылорда қаласы Тасбөгет кенті Есенов көшесі 20-ншы үй Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастық заңының 60-ншы бабына сәйкес "апаттық" деп танылды. Үй кезегіне алынған болатын бүгінгі таңда аталған санат бойынша апаттық үй тізімінде тұрған азаматтарға үй салып беру жөнінде бюджеттен қаржы бөлуге тиісті ұсыныстар берілді. Енді үй салып беру мәселесі бюджет мүмкіндігіне қарай ескеретін болсақ, биылғы жылға 2020 жылға  үй салып береміз бе деген жоспарымыз бар. Бірақ әлі қазіргі таңда нақты қаржысы бөлінген жоқ.


Әлішер ӨМІРЗАҚ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Нақты осы мәселені шешуге не кедерге болып отыр? Неге биыл бітірмеске?
  
Әлішер ӨМІРЗАҚ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Біріншіден, үй құрылысы әлі басталған жоқ. Сондықтан оны бітірмеске деген артықтау болар. Енді оған ұсынысын бердік. Қазіргі таңда Қызылорда қаласы бойынша 93 отбасы кезекке алынған. Сол 93 отбасыны үймек қамтамасыз етуге қазір ұсыныс беріліп бюджеттен қаржы бөлінуін күтіп отырмыз.

Әлішер ӨМІРЗАҚ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Қазір апатты үйде тұрып жатқандарға бірдеңе болып қалған жағдайда кім жауап береді?


Біржан ДАЛАБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА қ. ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Бұл енді апаттық үйдің техникалық жағы толық зерделенген. Енді сондай жағдайдың алдын алу үшін, сондай жағдайды болдырмас үшін жаңа үйге қоныстандыру үшін  тиісті шаралар қабылданып жатыр.

Әлішер ӨМІРЗАҚ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Сұхбатыңызға рақмет! Байланыста болған Қызылорда қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және тұрғын үй инспекция бөлімі басшысының орынбасары Біржан Далабаев. Біз де бұл жағдайды өз бақылауымызға аламыз. Уәде еткен уақытта жұмыстар атқарылып жатыр ма, оны да алдағы күндері көрсететін боламыз. Қымбатты көрермен, сіздің де өзекті мәселеңіз болса, хабарласыңыз! Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз. Экранда көрсетілген нөмірге хабарласып, видео немесе аудио жолдасаңыз!

А. Данияр