Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыдағы теміржол мен автобекеттерде мүгедектерге жағдай жасалмаған

  • AstanaTV
  • 03 наурыз 2020
  • 2769

Алматыда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығы әлі күнге ескерілмей келеді. Халықаралық тасымалмен айналысатын вокзалдарды тексерген партиялық бақылау комиссиясының мүшелері осындай шешемге келді. «Сайран» автовокзалы, "Алматы 1" және "Алматы 2" теміржол вокзалында мүгедектерге арналған касса, демалатын орын, тіпті арнайы әжетхана қарастырылмаған. Оған қоса пандустардағы батырмалар да жұмыс істемейді, дейді комиссия мүшелері.

Қалдыбай ҚАЗАНБАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ қ. ФИЛИАЛЫ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жазды күні балалар каникулға шығады, вокзалда адамдар көбейеді. Бірінші маусыға дейін қажетті жұмыстарды бітіріп, сол кісілерге жәрдем берейік дегенбіз. Бүгін комиссия соны қарады. Олар уәдесін берді, мамыр айында тағы бір рет барып қараймыз.

Айта кетейік, партиялық комиссия мүшелері осыған дейін қаладағы аурухана, халыққа қызмет көрсету орталығы, оқу орындары сынды әлеуметтік нысандарды да аралап көрді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың талабын ескермеген мекемелерге ескерту жасап, олқылықтың орнын толтыруға уақыт берді.

А. Кемелжан