Жоғарғы оқу орындарында сыбайлас жемқорлық бар ма? "Jas Otan-дықтар" пара алуға жақын жекеменшіктегі 7 университеттің тізімін жариялады. "Жемқорлыққа қарсы, әлсіз" рейтингті "Nur Otan" партиясы "Jas Otan" жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев таныстырды. Сонымен, "көшбасшылардың" үштігіне Астана медицианалық университеті, Түркістан облысындағы "Сырдария университеті" және Алматыдағы "Қазақ туризм және спорт академиясы" енді. Қараша және ақпан айларында жүргізілген «Таза сессия» акциясының екінші кезеңі өтті. Жеке меншік жоғары оқу орындарындағы студенттер арасында жасырын сауалнама жүргізілген. Оған Қазақстанның 15 аймағынан 21 мыңға жуық студент қатысты.
Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, "JAS OTAN" ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Жемқорлықпен күрес жастардан басталады ол -бір. Екіншісі - ашықтық жемқорлықты бірден-бір тығырыққа тірейтін үлкен бір құралы. Жоғары оқу орындарында табылған мәселелерді міндетті түрде біз Білім және ғылым министрлігіне ұсыным хат жіберіп солардың мәселесін шешуге бірге атсалысуын сұраймыз.
Сонымен қатыр, "Jas Otan-дықтар" қаңтар айының соңында БАҚ өкілдерімен бірге еш ескертусіз 270 жатақхананы аралап шықты. 60-тан астам «студенттер үйінің» санитарлық және өрт қауіпсіздігінің негізгі нормаларына сәйкес келмейтінін анықтаған.
А. Данияр