Русский Сайттың толық нұсқасы

Отбасылық жанжалды азайту үшін, қоғамдық бақылау институты енгізілуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 04 наурыз 2020
  • 1646

Отбасында жанжал шығарушылар болашақта Заңмен үйінен қуылуы мүмкін. Мұны мәжіліс депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Гүлшара Әбдіқалықова ұсынып отыр. «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасын әлеуметтік-мәдени даму комитеті жан-жақты қарастырып жатыр. Пысықталып жатқан құжатта, жанжал шығарушының үйден қуылумен қоса, шақыртуға келмеген полицейлерді де жауапкершілікке тарту көзделген. Сондай-ақ қоғамдық бақылау институтын енгізу де жоспарда бар. Институттың қалай жұмыс істейтінін Гүлшара Әбдіхалықова ашып айтпады.

Гүлшара ӘБДІХАЛЫҚОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Полицияның зорлық-зомбылықтың кез-келген фактісіне жедел әрекет етуі бойынша, жауапкершілігі күшейтілуі сондай ақ қайғылы оқиғаларды орын алдырмау үшін отбасында өктемдік жасаушыны тұрғын үйден уақытша шығару жөніндегі норма көзделді.

Д. Мұхаммедкәрім