Русский Сайттың толық нұсқасы

Nursultan Nazarbayev әуежайын су басу қауіпі бар

  • AstanaTV
  • 05 наурыз 2020
  • 2709

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайын су басып қалуы мүмкін. Қауіп Майбалық көліне жиналатын қар суынан төніп тұр. Дегенмен мамандар топан судың алдын алу мақсатында түрлі шараларды қолға алды. Көлді артық судан босататын, жасанды арна тазартылып жатыр. Көктемде Елордаға тағы қандай қауіп төнуі мүмкін? Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бүгін Елорда маңындағы су қоймаларын аралап көрді.

Астана су қоймасы 1973 жылы салынған. Ол 410 млн текше метр су сақтай алады. Бүгіннің өзінде қоймада 235 млн текше метр су жиналып тұр. Көктем уақытында ол 3-4 есеге көбеюуі мүмкін. Қалың су келген жағдайда қойма, суды біртіндеп төменге жібереді. Елорда маңында тағы бір дамба бар.

Думан МҰХАММЕДКӘРІМ, ТІЛШІ:

Астана су қоймасынан жіберліген су осы дамбаға келіп жиналады. Негізінде бұл 450 млн текше метр суды ұстап тұруға қауһарлы. Алайда биыл 180 млн текше метр суды 18 тәулік қана ұстап тұра алады.


Бөгет биыл жөндеуден өтуі тиіс. Оған бюджеттен 1 млрд 400 млн теңге бөлінді Ал, биыл ара-тұра су жіберіп тұруға тура келеді. Ол, сулар Нұра мен Есіл өзендері арқылы ағып кетуі тиіс. Негізі елде жауын-шашын мен қар суын бөгейтін 6 мыңға жуық бөгет құрылғылары бар. Оның 1 мыңға жуығы коммуналды қызметтер үлесінде. 200-і жекеменшікке тиесілі болса 10-шақты дамба иесіз. Бірақ бұлардың бәрі бақылауда деді. Десе де аймақтарда су басу қауіпі бар.

Сергей ГРОМОВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Әр аймақта су басу қауіпі төнген бірнеше ауылдан бар. Мысалға Ақмола облысында 5-6 ауыл бар. Қарағанды облысында 3 елді мекен бар.


Қар суы шамадан көп жиналып 2017-ші жылы көптеген елді-мекендерді су басып қалған еді. Мамандар биылғы қар ол кезден 35 пайызға артық деді. Сондықтан қаланың іші-сыртындағы жасанды арналарды алдын ала тазартып шыққан. Десе де, әуежайға биыл тағы қауіп төніп тұр.

Сергей ГРОМОВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Әуежайды жиі су алып қалатынын білесіздер. Әкімдік алдын-ала ескертілді. Су басуды болдырмаймыз...

Әуежайға қауіп «Майбалық» көлінен төніп тұр. Жергілікті атқарушы органдар алдын ала ескертілді.

Уәли ДӘЛІ, «ҚАЗСУШАР» РМК АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Ақша бөлініп су арналары тазаланып жатыр. Оның сыртында сол ауылдардың біз мына жиналыстарда бірге боламыз ғой қарлар шығарылып жатыр деген ақпарат бар...

Атқамінерлер биыл «Судан қауіп жоқ» деп айта алмай отыр. Қанша айтқанымен, табиғат ананы адам баласы жеңген емес.

Сергей ГРОМОВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Алдын ала болжамайық. Бөгеттер толып кетпес үшін су жіберіп тұрамыз.

Қар ери бастағанда бөгеттер секундына 450-500 текше метр судан жібере бастайды. Тазартылған арналар бұл суды жіберіп тұруға қауһарлы. Оның үстіне «Қазгидромет» болжамына сенсек, қалың қардың арқасында биыл қара жер жылы. Яғни, еріген қар суы, жерге сініп кетуі тиіс.

Д. Мұхаммедкәрім