Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО-да газ тасымалының ақысы төмендеді

  • AstanaTV
  • 05 қазан 2017
  • 1930

Батыс Қазақстан облысында газ тасымалының құны төмендеді. Бұл көгілдір отын бағасының арзандауына әсер етеді. Облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің басшысы Мұрат Оспановтың сөзінше, монополист компания саналатын «Қазтрансгазаймақтың» 86,3 миллион теңге көлеміндегі табысы заңсыз деп танылған. Былтырғы тарифтік сметаның орындалуын талдаған кезде бұл төлемақының негізсіз алынғаны мәлім болды. Кәсіпорын өкілдері бес пайыздық шығынның қайда кеткенін түсіндіріп бере алмаған. Осыдан кейін табиғи монополияларды реттеу және бәсекелістікті қорғау департаменті бағаны өсірген монополистерді сотқа берді. Ұзаққа созылған сот процестерінен соң, өңірдегі газ тарифі қайта есептелетін болды. 

Мұрат Оспанов, БҚО ТМР және бәсекелестікті қорғау департаментінің басшысы:

Негізсіз деп танылған табыс 86 миллион теңгеден асады. Осылайша, облыстағы монополист мекемелердің бәрінің тарифін төмендеттік.