Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде көпқабатты үйдің тұрғындары көршілерінен зардап шегіп отыр

  • AstanaTV
  • 06 наурыз 2020
  • 2864

Ақтөбеде көпқабатты үйдің тұрғындары көршілерінің тағдырына алаңдаулы. Айтуларынша жалғызбасты әйел бір айға жоғалып кеткен. Сөйтсе оны учаскелік полицейлер мен дәрігерлер мәжбүрлеп жүйке ауруларын емдейтін ауруханаға жатқызып тастапты, деді. Редакциямызға хабарласқан құдайы көршілері мәселеге араласуымызды сұрады. Әріптесім Бақыт Рахметованың репортажы.

Осы көпқабатты үйдің бірінші қабатында тұратын елу бес жастағы әйелге, көршілері араша сұрайды. Жалғызбасты Нина Астапенконы 28 қаңтарда мәжбүрлеп ауруханаға жатқызғанын түсіне алар емес.

Людмила ИШКЕНОВА, ТҰРҒЫН:
 
Ешкімге зияны жоқ адамды неге мәжбүрлеп жүйке аурулары ауруханасына жабады. Басында жоғалып кеткенде мен ол ауруханада жоқ шығар деп қорқып едім. Өйткені жалғыз басты. Іздейтін ешқандай туысы жоқ әйел. Үйінің есігін бұзып, оны мәжбүрлеп әкетуге кімнің қақысы бар?

Наталья ПИВОВАРОВА, ТҰРҒЫН:

Біздер оның пәтерін алып қойғысы келеді деп қорқамыз. Жалғыз басты әйел. Оны полиция да КСК біледі. Бірақ бұлай жасауға болмайды ғой.

Әліптің артын бақсақ, Нина Астапенконың бір подъезде тұратын басқа көршілері керісінше одан зардап шегіп отырғандарын айтты. Пәтерін антисанитарияға айналдырған көршінің мәселдесін айтып, құзырлы орындарға шағым түсірген.  

Ақмарал, КӨРШІСІ:

Үйінде туалет жоқ. Мұздай су жоқ. Үйінің бұрышында үлкен дәретке кіші дәретке отырады екен бұл кісі. Менің жатын бөлмеме кіре алмаймын. Сұмдық енді. Иіс деген страшно. Құрт құмырсқа мына жерде толып жүреді. Тіпті екінші этажға дейін барған.

Айқын ҮМБАЕВА, ПИК ТӨРАЙЫМЫ:

Унитазы толып тұр. Раквинасы толып тұр . су кетпейді. Ананыңі іші құрттап жатыр. Кәдімгідей таракан, құты кәдімгі. Жаман иіс. Көршілерге обал. Тұра алмайды. Кішкентай балалары астма болып кетті.

Наразы көршілері шағым айтып қоймаған соң, бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке де тартылыпты. Бірақ одан нәтиже болмаған соң дәрігерлер полиция шақыртқан. Өйткені оның шын мәнінде психологиялық ауытқулары бар дейді мамандар.

Есенаман НЫСАНОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПСИХОНЕВРОЛОГИЯЛЫҚ ДИСПАНСЕРДІҢ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Психологиялық ауытқу бар. Осында жатып ауру тарихымен танысқанда қарасам көршілерім күн бермейді. Солар мысықтарымды өлтіріп тастады деп дені сау адамның әңгімесі емес қой. Өздерін көріп тұрсындар.

Жуықарада жалғызбасты әйел ауруханадан шығып үйге келген. Бірі жақтап, екіншісі даттаған оның жағдайы енді не болары әзір белгісіз.

Б. Рахметова