Балықтың мекені - Атырауда су маржандарының бағасы шарықтап тұр. Жергілікті тұрғындар оны күнделікті тұтынуға емес, қонаққа қою үшін сатып алуды әдетке айналдырған. Өйткені қара балықтың өзі- қалтаны қағуда. Сондықтан екінің бірі қол жеткізе алмайтын жеңсік асқа айналған. Балық бағасының қымбаттауына не себеп? Тілшіміз толықтырады.
Үйдегі көңілді, базардағы баға бұзып тұр. Атыраулықтар балықты қонақ шақырғанда және қонаққа барғанда ғана тұтынатын болған. Айтуларынша, айлап балық сатып ала алмаймыз,- дейді.
Татьяна ОСИПОВА, АТЫРАУ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНЫ:
Балық жемедім. Қыс бойы ауызға алмадым. Өйткені балық жоқ немесе өте қымбат. Алуға ақшам жетпейді. Тек қонаққа немесе садақаға барғанда ауыз тиемін.
Коммуналдық базарда орналасқан «Аманкелді» балық кооперативінің бағасы - бұл. Жаңадан ауланған балықтар да, мұздатылғандары да толып тұр -мұнда. Қаладағы ең арзан балық осы жерде- дейді сатушылар.
Жанар ТАУМҰРНОВА, САТУШЫ:
Біздерде басшылар бар, біздердің міндетіміз сату. Бастамасы солай болады да, көбейген сайын балық түседі ғой бағасы.
«Аманкелді» балық шаруашылығы басшысының сөзінше, балыққа баға қоярда алдымен өзіндік құнын есептейді. Оған жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төленетін салықтан бастап, балық аулауға қажетті құрал-жабдықтарын, су кемелерін даярлау, тасымалдауға кететін шығын, тіпті балықшылар киімдері мен тамағы қосылады екен.
Сәбит САҒИДУЛЛИН, «АМАНКЕЛДІ» ЖШС ДИРЕКТОР:
Бұдан басқа сазанға 90 теңге шамасында ғана қосамыз. Бұл қаражаттар балық аулау маусымына дайындық үшін алған несиемізді жабуға кетеді. Менің ойымша, бізден алып-сатарлар сатып алып, әрі қарай сатып отыр. Біз бұл жерде кінәлі емеспіз. Біз 700 теңгеге сатып отырған жоқпыз. Біз 650 теңге шамасында сатып отырмыз. Алға қарай 600 теңгеге дейін түсіреміз.
Айтқандай - ақ, мына базарда балық келісі 1000 теңгеге дейін саудалануда. Мұндағылар балық кооперативтерінен алып, үстіне азын-аулақ ақша қосып, сатамыз,- дейді.
Ұлдай ХАМИДУЛЛИНА, САТУШЫ:
700 ден алсам, 800, 900ден сатам, 800ден алсам, мың теңге дейін сатасың. Келтіріп сатамыз. Халықтар кейбір кезде ренжиді, былай қарасаңыз кг-ны 100-200 теңге қосқанымен, аршып, тазалап, кесіп,пакетін тегін береміз.
Екінің бірінің қолы жете бермейтін жеңсік астың құнын әкімдік те бақыламайды. Өйткені әлеуметтік маңызды азық-түліктердің қатарында жоқ.
Руслан ДӘУЛЕТОВ, АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Бұл тауар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміне жатпайды. Сондықтан біз мониторинг жүргізбейміз. Халықтың шағымына байланысты себебін анықтаймыз. Қазір баға тұрақтанды. Балық өндіруші кәсіпорын басшылығының наурыз айының басында 800ге дейін көтерілген растады. Мұны ауа-райының құбылуына байланысты деп түсіндірді.
Дегенмен шенділер тұрғындардың шағымына байланысты коммуналдық базарлардағы бағаны қадағаламақшы. Одан бөлек балық шаруашылығы басшыларына ескерту жасайтындарын айтты.
Б. Надирқызы