COVID-19 кәдімгі тұмаудың бір түрі екенін біреуіміз біліп, біреуміз біле бермейміз. Қытайлық вирус қауіптірек болғанымен одан сақтануды жолы бірдей. «Тазалық - денсаулық кепілі», демекші бет-ауызыңызды жиі жуып отырсаңыз вирус сізден алшақ жүруі тиіс. Короновирус туралы жергілікті дәрігерлер мен астаналықтар не ойлайды? Тілшіміздің бейнематериалы.
Думан МҰХАММЕДКӘРІМ, ТІЛШІ:
COVID-19 термині пайда болғалы бері, «Дәріханаларда әр түрлі дәрілер таусылып жатыр деген қауесет», бар. Рас өтірігін анықтап көрейік.
- Дәрі алып жүргендер көп пе?
- Нормально, кеше болған бүгін тишина бірақ.
БЛИЦ:
- Короновирус келе жатыр дегенді естіп жатырмыз. Дайындық жоқ. Қорыққанда не істейміз. Маска алып қойдық.
- Жоқ дәрі алмаймын мен. Басқа жерден аламын. Маған тегін береді...
- Естіп жатырмыз. Бір Аллаға атпсырып жатырмыз. Личная гигиена...
- Видеосъемка, фотосъемка запрещена...
Дәріхана мен емханада ағылған адам байқалмайды. №10-шы емханада дәрігерлер қабылдауы бұрыңғыша. Телефон соғып, кеңес алып жүргендерде бұрыңғыдан көп емес.
Меруерт БЕКМҰРАТҚЫЗЫ, №10 ЕМХАНАНЫҢ ЖАЛПЫ ТӘЖІРИБЕЛІК ДӘРІГЕРІ:
Менің өзімнің учаскемде хабарласып, приемға келіп сұрақтарын қойып жатқан кісілер бар. Яғни, олармен профилактикалық шаралар жүргізіліп жатыр...
Мамандардың айтуынша, науқастардың емханаға ағылмағаны дұрыс. Күдік туса жедел жәрдем шақырған жөн. Дәрігерлердің айтуынша, короновирус кәдімгі тұмаудың бір түрі. Сақтану жолдары да бір. Ең сенімдісі, бет-ауызыңызды жиі жуып тұру керек.
Думан МҰХАММЕДКӘРІМ, ТІЛШІ:
Әлгіндегі аталған симптомдар меннен байқалмайды. Дегенмен 1-2-рет түшкіргенім рас. Меруерт коронвирусты қалай анықтайсыз?
Меруерт БЕКМҰРАТҚЫЗЫ, №10 ЕМХАНАНЫҢ ЖАЛПЫ ТӘЖІРИБЕЛІК ДӘРІГЕРІ:
Алдымен сұраймыз. 14 күннің ішінде шетелге шықтыңыз ба?
Шетелге шыққан адамдармен қатынаста болдыңыз ба?
Рұқсат болса тексеріп жіберейін...
Қызу көтерілгеннің өзінде ол жай ғана тұмау болуы мүмкін. Десе де өз-өзіңізді емдеумен айналысудың қажеті жоқ. Бұл жерде аурудың өзінен қарағанда ел ішінде тараған түрлі қауесет көп қауіпті.
Думан МҰХАММЕДКӘРІМ, ТІЛШІ:
Мәселенің бәрі қалтамызда жүрген мына мессенджерлерден басталады. «Азық-түлік қымбаттап жатыр, ойбай медициналық бетперде жетпейді екен», дейтін қауесеттің бәрі осында. Дегенмен арасында пайдалы кеңестер де бар. Мысалға қытайлық бір келіншек, медициналық бетперде жетпесе қалай қолдан жасауға болатынын көрсетіпті. Ол үшін мынандай дымқыл майлықты аламыз. Құлағымыз сиятындай екі шетін кесеміз. Құлағым сияр ма екен өзі? Сияды. Осыны екі шетінен тартып... мінекей дезинфекцияланған, медициналық бетперде болып шыға келді. Негізі көптеген мамандар, «Бұл максадан пайда жоқ», дегенді айтады. Өйткені, бетпердені сау адам емес, науқастар киеді. Дегенмен сенетін адам көп мысалға мына тұрған операторымыз Самат. Саматта бетпердемен жүр.
Д. Мұхаммедкәрім