Русский Сайттың толық нұсқасы

"N-S" радиосына 25 жыл толды

  • AstanaTV
  • 13 наурыз 2020
  • 4096

Биыл - N-S радиосына 25 жыл. Осыған орай,  ұжым «25 жыл - Бізге, 25 миллион - Сізге» ұранымен- тындармандарына сыйлық табыстауды  бастады. Бұл шара жылдың аяғына дейін жалғаспақ. Бағалы сыйлықтан Сіз де құр қалмаңыз! Қатысыңыз, ойнаңыз, жеңімпаз атаныңыз! Әуе толқынын әуезді әнмен тербеген, N-S радиосындағы жаңа бастама жайлы тілшіміз жалғастырады. 

Бұл - тыңдармандарды тың жаңалықтармен құлақтандырып, әуе толқынын әсем әуенмен әрлеген N-S радиосы. Ұжым мерейлі датаға орай тындармандарына сыйлық жасауды жөн көріпті.

Радио дайындаған сыйлықты алу үшін, ең бірінші N-S радиосының тұрақты тыңдарманы болу шарт. Одан бөлек тікелей эфирде жүргізушілер әзірлеген сұрақтарға дұрыс жауап берсеңіз жеткілікті.

Эльмира ЖОЛАМАНОВА, ЖҮРГІЗУШІ:

25 жылдықты атап өтіп жатырмыз. Биыл ең үлкен жоба деп айтсақ болады. «Пай-Пай 25» осы мерейтойға орай күн сайын сыйлықтар ойнатылады. Яғни, «25 жыл бізге, ал 25 миллион сіздерге» деген ұранмен тікелей эфирде осы сыйлықтарымызды таратудамыз.

"N-S" радиосы 1995 жылы 6 наурызда алғаш рет эфирге шыққан болатын. Қазір ел аумағындағы 28 қалаға хабар таратады. Тіптен, ғаламтор арқылы шетелдегі қандастарымыз да радионы тыңдайды. Тұрғындардың талғамын үнемі ескеріп отыратын ұжым, бүгінде үздік әуе толқындарының бірі саналады.

Әсел БАЛҒАЕВА,"N-S РАДИОСЫНЫҢ" БАС ДИРЕКТОРЫ:

25 жыл бұрын "N-S" радиосы эфирге «авторлық бағдарламалар радиосы» болып хабар таратты. Кейін сұранысқа сай жобалар жасалды. Тыңдармандардың талғамы сараланып, N-S радиосында қазір бағдарламадан көрі музыкаға басымдық берілген. Біздің радио әр заманның үздік әуендері мен бүгінгі хит әндерді топтастырып, эфирге беріп жүр. 

Айта кетейік, аталған радио 17 әуе толқынының ішінде үздік бестіктің қатарында. Тындармандар әуе толқынынан «Хит за хитом», «Live Chat» және «Шулайық» түңгі шоу  сынды бірегей жобалар асыға күтеді. Бұл жобалардың сұранысы жоғары. Әр заманның әдемі әуендерін тыңдай отырып, жеңімпаз атану мүмкіндігін Сіз де жіберіп алмаңыз.

А. Кемелжан