Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы залалсыздандыру жұмыстары күшейтілді

  • AstanaTV
  • 16 наурыз 2020
  • 3891

Ел астанасында әлемдік COVID-19 пандемиясының таралмауы үшін қорғану шаралары күшейтілді. Қаладағы адам көп жүретін орындарында сағат сайын залалсыздандыру жүріп жатыр. Ал кинотеатр, балалардың ойын алаңдары, мұражайлар мен кітапханалар жұмысын уақытша тоқтатты. Сауда орталықтары да жаңа тәртіпке көшкен. Базарлар мен дүкендерде қауіпсіздік шарасы қалай жүруде? әріптесім Асылбек Данияр жалғастырсын.

Коронавирус Қазақстанға келмей жатып та, билік сақтықты күшейткен болатын. Мемлекет басшысы төтенше жағдай жариялағаннан кейін базарлардағы сауда нүктелерінде де санитарлық талап күшейтілді. Азық-түлік сататын дүкендер тәулігіне 4 рет дезинфекция жүргізуге міндеттелді.

Қайырлы ТӘУКЕН, ҚАЗАҚСТАН САУДА-КӘСІПОРЫНДАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:


Біздің кәсіпкерлер яғни сатушылар бұл жерде өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлығы қауіпсіздік шараларын қолданып жатыр. Барлығы маскада, екіншіден, барлығын қолында қолғап бар. Үшіншіден антисептик қалталарында бар. Тазалық, қауіпсіздік мәселесі бұл - бірінші.

Кинотеатр, театр, караоке барлар, компьютерлік клубтар мен спорт залдардың қызметі уақытша тоқтатылды. Ал адам қарасы көп болатын сауда орталықтары жұмысын жалғастыра бермек. 

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:

Аты жаман "коронавирус" инфекциясының ел аумағына таралуына байланысты дәл қазіргі уақытта Қазақстанның түкпір-түкпірінде қорғанудың түрлі тәсілдері, шаралары жүргізулу үстінде. Тіпті осындай сауда ойын-сауық орталықтарының өзінде адамның дене қызуын өлшейтін тепловизорда жұмыс істеп тұр. Дәл қазіргі уақытта адам аяғы басылмайтын бұл орталықтарда көпшіліктің көп еместігін аңғару қиын емес.

Айтпақшы, халық арасында "базарлар жабылады" деген қауесетке сенбеңіздер. Тек жұмыс уақыты шектелмек.

Қанат ТӨЛЕУБАЕВ, "MEGA SILK WAY" САУДА-ОЙЫН САУЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Ертеңнен бастап біз сағат 10-да ашыламыз сағат 18-ге дейін жұмыс істейміз. Келушілердің саны кешегі күнмен салыстырғанда 47-46 пайызға төмендеді.

Сауда-ойын сауық орталықтары сағат 6-ға дейін жұмыс істегенімен, сол орталықтағы азық-түлік супермаркеттердің жұмыс кезеңі өзгертілмейді. Әр қызметкері тиісті санитарлық талапты қатаң сақтауы тиіс. Айтылған ержелерді сақтамағандар жауапкершілікке тартылмақ.   

Ерлан БЕКМУРЗАЕВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Тойлардың барлығы ресторанда өтетіні белігі. Жалпы ресторандарда 50-ден артық адам қабылданбайды. Одан көп адам ұстауға болмайды бір бөлмеде. Сондықтан 50-ден артық тыйым салынады. Қазіргі күнде ресторандар түнгі 10-ға дейін ол жерде кальян сатуға тыйым салынады.

Санитарлық мамандар індетпен күресте ең алдымен әр адам гигиеналық талапты қатаң сақтау керек деді. Сонда ғана вирусты жоя аламыз деп отыр.

А. Данияр