Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлерге көмек көрсетпек

  • AstanaTV
  • 17 наурыз 2020
  • 2290

Ақтөбеде ресторандар мен мейрамхана басшылары жұмысшыларын уақытша босатуға мәжбүр. Олар мұндай шешімді елде енгізілген төтенше жағдайға байланысты қабылдап отыр. Кәсіпкерлер кем дегенде алдағы бір айлық табысынан қағылды. Кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетілмек? Тақырыпты әріптесім жалғастырады.

Сергей ЛИ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Дәмханалар мен мейрамханалардың жұмысы 22 сағатқа дейін қысқарады. Ал келушілер саны 50 адамнан аспауы қажет.

Кәсіпкерлер кәсібін сақтап қалу үшін қызметкерлерді уақытша босатуға мәжбүр. Мәселен мына бір мекеме күніне 500 келушіні қабылдайтын еді. Ал енді ол мүмкіндіктен қағылып отыр.

Руслан АСАНОВ, ОЙЫН-САУЫҚ КЕШЕНІНІҢ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Әзірге бұл жағдайдың нақты қалай шешілетінін білмейміз. Бірақ өткен айдағы жалақыны толық өтедік. Наурыз айындағы жарты айдың төлемақсын да толық өтейміз. Сондай-ақ басшылық тарапынан әлеуметтік көмек жайы да қарастырылып жатыр. Әзірге ештеңе айта алмаймын. Бәрін уақыт көрсетеді.

Мамандар қазіргі ахуал сыйымдылығы 100-ден 300 адамға дейінгі ірі мейрамханалар мен ойын-сауық кешендерінің жұмысына әсер ететіні айтты. Алайда, кәсіпкерлер төтенше жағдай аяқталғаннан соң да, бағаны қалыпта ұстаймыз деп отыр.

Бану ТІЛЕГЕНОВА , АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОНАҚ ҮЙ-МЕЙРАМХАНА БИЗНЕСІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:
 
Бағаны көтеру мүмкін емес. Біріншіден бәсекелестік жоғары. Екіншіден халықтың табысын да ескеру қажет. Олардың жағдайы да мәз емес. Бағаны көтерсек тұтынушылардан айрылып қалу қаупі бар.

Төтенше жағдай кезінде кинотеатрлар, театрлар, спорттық және көрме кешендері де жабылған. Оларды да билік салықтан босатуды ұсынды.

Ғалымжан ӨТЕМІСОВ, ТІЛШІ:

Базарлар мен азық-түлік дүкендерінің жұмыс уақыты қысқартылды. Құзырлы органдар азық-түлік бағасын қатаң бақылайтынын жеткізді. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов дүкендердің бағасын өткен аптадағы деңгейге жеткіземіз деп отыр.

Ғ. Өтемсіов