Елордада темір жол және әуе қатынастарының шектелуіне байланысты жұрт билеттерін жаппай кері қайтарып жатыр. Жауаптылар жұртты дүрлікпеуге шақырды. Алдын-ала сатылған билеттердің құнын қайтаратынын айтты. Тіпті билеттерді қайтаруға жарты жылға жуық уақыт берілетінін де жеткізді.
Алмас АЙТБАЕВ, «ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ» АҚ МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ САТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Мемлекетаралық пойыздардың тоқтатылуына байланысты, біздің кассаларымызға өте көп билет қайтарылып жатыр. Кейбір кассаларда қолма-қол ақша жеткіліксіздігі туындады. Мұндай жағдайларда, билеттің күші жойылғанымен жолаушы кез келген өзіне ыңғайлы уақытта ақшасын алып кете алады. Ауқымды жүктеме туындағаны үшін жолаушыларымыздан түсіністік танытуын сұраймыз.
Ғ. Өтемісов