Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәжіліс қашықтықтан жұмыс істеу кестесіне ауысты

  • AstanaTV
  • 18 наурыз 2020
  • 2403

Мәжіліс депутаттары мен аппарат қызметкерлері бүгіннен бастап онлайн кестеге көшті. Төменгі палата қызметкерлерінің 70 пайызы үйде отырып жұмыс істейді. Қалған 30 пайызының жұмыс кестесі сағат 16:00-ге дейін қысқарды. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматуллин бүгінгі пленарлық отырыста осыны хабарлады. Оның айтуынша, депутаттар жұмыс кеңсесіне жиналыс, комиссия, пленарлық отырыс кездерінде ғана кіргізіледі. Ал, Парламенттік тыңдаулар мен Үкімет сағаты толықтай кейінге шегеріледі.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:


Мәжіліс жұмысының басым бөлігі басқа форматқа көшеді. Бұл, әрбір азаматтың қауіпсіздігін сақтау үшін жасалатын шаралар. Оны бәріміз түсінетін болармыз және жоғары жауапкершілікпен қарауымыз қажет.

Сондай-ақ, депутаттар мен аппарат қызметкерлеріне жеке шаруамен және қызмет сапармен шетелге шығуға толықтай тиым салынады. Айта кетейік, бұл шектеулер елде төтенше жағдай жариялануына және Нұр-Сұлтан қаласының карантинге жабылуына байланысты болып отыр.

 Д. Мұхаммедкәрім