Русский Сайттың толық нұсқасы

Халықаралық қауіпсіздікке жауапкершілігін сезінетін мемлекет ретінде көрсете білдік, - Ж.Сарабеков

  • AstanaTV
  • 18 наурыз 2020
  • 3230

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Президенттік өкілеттілігін тоқтатқанына жыл толды. Сарабдал саясаткер Тәуелсіз Қазақстанды 30 жылға жуық басқарды. Жас мемлекетті қысқа ғана уақытта аяғына нық тұрғызып, 50 елдің қатарына енуіне де үлкен үлес қосты. Егемендіктің алғашқы жылдарынан осы күнге дейін талай «тар жол, тайғақ кешуден» өткен Тұңғыш Президентің сара жолын үзеңгілестері тағы да еске алды.

Тұңғыш Президент былтыр 19 наурызда ресми түрде биліктен кететінін мәлімдеген еді. 30 жыл бойы ел басқарған көшбасшының бұл шешімі дүйім жұртты есеңгіретіп тастағаны жасырын емес. Елбасы саяси аренадағы еңбек жолын 1990 жылы Қазақ ССР Президенті қызметінен бастаған. Нұрсұлтан Назарбаев бұл күнге жету оңай болмағанын әлі күнге дейін еске алады. Экономикалық байланыстардың үзілуі, бюджеттік тапшылық, халық табысының төмендігі мен жаппай жұмыссыздық сынды талай сынақтармен бетпе-бет келді. Алайда, көреген басшы бұл қиындықты да еңсеріп, республикаға саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени оңтайлы өзгерістер алып келді.
 
Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕД, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Бұл азғантай уақыттың ішінде социалистік экономикадағы жағдайын нарықтық экономикаға көшіріп, ұлттық теңгемізді енгіздіртті. Ұлттық экономиканың сан саласын қалыптастыртты.

Ералы ТОҒЖАНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

300 млрд-тай ақша Қазақстанға енгізді. Бұл жақта үлкен бір мәселе. Бірде-бір бизнесмен өз ақшасын алып келіп, басқа бір мемлекетке, егер ол ақшаның қайтарымы болмайтын болса, ол мемлекеттің тұрақтылығы болмайтын болса, ешқашан олар жасай алмайды.

Көреген көшбасшы, сұңғыла саясаткер. Әлем қауымдастығы Тұңғыш Президентті  осылай бағалайды. Ол жас мемлекетті халықаралық қауымдастықтың белді мүшесіне айналдырды. Бүгінгі таңда Нұрсұлтан Назарбаевтың бір емес, бірнеше жаһандық бастамасы әлемнің алты құрлығында жүзеге асқан. Қазақстанды тәуелсіз ел ретінде қайта құрып, БҰҰ мен Дүниежүзілік сауда ұйымының қатарына қосты.

Жұмабек САРАБЕКОВ, ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ САЯСАТ ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

Біз ең алдымен өзімізді халықаралық қауіпсіздікке жауапкершілігін сезінетін мемлекет ретінде көрсете білдік. Мәселен, Тәуелсіздік алған кезде жойқындық күші бойынша әлемдегі 4-ші ядролық арсенал пайда болды. Біз одан өз еркімізбен бас тарттық. есесіне, елімізге қомақты инвестициялар тартуға мүмкіндік алдық. Бұған Президент Назарбаевтің қосқан үлесі үлкен.

Өзге елдер жүз жылда әупірімдеп жүріп жеткен жетістіктерге біз ширек ғасырда қол жеткіздік. Елбасы мұның бәрі ел ішіндегі бірліктің арқасында жеткен жетістік екенін әлі күнге дейін айтып келеді.
 
А. Мүтәлі