Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар облысында бір күнде екі ер адамның мәйіті табылды

  • AstanaTV
  • 18 наурыз 2020
  • 3192

Павлодар облысында екі ер адамның мәйіті табылды. Марқұмдардың бірінің денесі қаладағы пәтер ішінен, ал екіншісі жұмыс орнында жан тапсырған. Оқиғаның мән-жайын тілшіміз анықтап көрді.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Успен ауданынан табылған ер адам ауылдағы шаруа қожалықтарының бірінде күзетші болып жұмыс істеген. Төтенше жағдай мамандарының айтуынша, оқиға түнгі уақытта болған.

Бірақ, кезекші бөлімге қоңырау күндізге сағат 11.30 шамасында түсіпті. Марқұм 1994 жыл туған жергілікті тұрғын. 

Сергей СЫТНИК, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

Бұл жайтқа мас күйінде шылым шегуі себеп болуы мүмкін. Өйткені, төсектің матрасы жанған. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді.  Нақты себебі сол сараптамадан кейін белгілі болады.


Ал екінші бір мәйіт облыс орталығындағы мына бір үйден табылған. Пәтерден қолқаны қабатын жағымсыз иіс шыққан соң, көршілері тәртіп сақшыларын шақыртыпты. Есік жабық болғандықтан, құтқарушылар көмеке келген. 

Өзгеріс ҚУАНАР,  ТІЛШІ:

Көршілерінің айтуынша, ол жақында ғана осы пәтерге қоныс аударған. Бұрын сотты болған. Әзірге оның да нақты неден қайтқаны белгісіз.

Ө. Қуанар