Русский Сайттың толық нұсқасы

Сенаторлар бір күндік жалақысын короновируспен күреске аударды

  • AstanaTV
  • 19 наурыз 2020
  • 2362

Парламент Сенаты да қашықтықтан жұмыс істеу кестесіне ауысты. Аппараттың  70 пайызы бүгіннен бастап үйде отырып, жұмыс істейтін болды. Жоғары палата төрағасы Дариға Назарбаеваның айтуынша, белгіленген отырыстарға шақырылатын баяндамашылар үшін де азды-көпті шектеу қойылды. Бұдан бөлек, Парламент қызметкерлеріне жеке шаруамен немесе іс-сапармен шетелге шығуға тиым салынды. Бұл шектеулер - елде Төтенше Жағдай жариялануына байланысты жасалып отыр. Айта кетейік, Сенат аппараты қызметкерлері мен депутаттар да өздерінің бір күндік жалақысын корновируспен күрес қорына аударды.

Дариға НАЗАРБАЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Құрметті әріптестер біз ертеңгі күнге сеніммен қарап, бойымыздағы үрей мен күдіктен арылу қажет. Әлем жұртшылығына «Темір ханым» деп танылған Маргарет Тэтчер, «Біздің корқыныштың 90 пайызы ешқашан болмайтын нәрсе туралы» деген. Қазіргі таңда баршамыз "бәрі жақсы болатыны" туралы ойлап. Жақсылықтан үміттенуіміз керек. Біз талай сында шыныққан мықты халықпыз. Біз бәрін жеңеміз!

Д. Мұхаммедкәрім