Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда жалған ақпарат таратқан тұрғынның кім екені белгілі болды

  • AstanaTV
  • 19 наурыз 2020
  • 3812

Қостанайда COVID-19 инфекциясының тарағаны туралы жалған ақпарат таратқан тұрғын анықталды. Әлеуметтік желі арқылы әлеуметті дүрліктірген 38 жастағы әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Енді ол бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Қала тұрғыны: өзін отбасымен бірге Германиядан оралған соң, Қарабалық аудандық ауруханасына жатқызғанын хабарлайды. Полицейлер тергеу барысында күдіктінің ешқайда бармағанын, отбасы мүшелерінің аман-сау екенін анықтапты. Тағы бір ауданда да осы тектес факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Кенже ҚОНЫСБАЙ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

ҚР ҚК-нің 274-бабы 2- тармағына сәйкес заң алдында жауапқа  тартылатын болады. Яғни, бұл заң 3 мың айлық есептік көрсеткіш және де 800 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартуға немесе 3 жылға бас бостандығынан айыруды көздейді.

З. Санай