Данияның
Биллунд қаласында LEGO мұражай-үйі ашылды. Зәулім ғимарат әсіресе әуеден ерекше
әсем көрінеді. Рейтерс ұсынған мына
кадрлардан нысанның атышулы конструктор детальдарына ұқсас гиганттық нұсқасын
байқауға болады. Жоба идеясын танымал сәулетші Бьярка Ингельс ойлап тапқан.
Үйдің ішінен миллиондаған бөлшектерден құралған ірі мүсіндерді көруге болады.
Мұражайға келушілер ойындағысын өз қолымен құрастыра алады. Олардың қатары
қалың. Келушілерді тіпті 26 еуро болатын билет құны да тоқтатпайды.