Русский Сайттың толық нұсқасы

Н. Назарбаев өкілеттігін тоқтатты: сарапшылар өткен жылды қорытындылады

  • AstanaTV
  • 19 наурыз 2020
  • 5568

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, өз өкілеттігін тоқтатқанына бүгін тура бір жыл. Бұл халық үшін күтпеген жағдай болғанымен, саясатта, экономикада елеулі өзгерістер бола қойған жоқ. Қазақстан жаңашылдыққа дайын екенін көрсетті. Сарапшылар болса, елде билік сабақтастығы моделінің қалыптасқанын айтады. Президент сайлауы өтіп, мемлекеттік аппарат жаңартылып келеді. Осы жайында әңгіме өрбіту үшін бүгін бізге қонаққа әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Алмас Арзықұлов келіп отыр. Қайырлы кеш, Алмас Азкенұлы! Қош келдіңіз! Бізде қазір билік сабақтастығы байқала ма?

Алмас АРЗЫҚҰЛОВ, ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:


Әрине, ол сабақтастық болуы керек. Өйткені, Қасым-Жомарт Тоқаев партияның кезектен тыс съезінде айтып өткен болатын. Негізгі міндеттердің бірі - бұл Елбасы алып кеткен сындарлы жолды жалғастыру деп айтқан болатын. Ал екіншіден, ол осы Тәуелсіздіктің 30-жылы ішінде қалыптасқан өзіндік Қазақстандық жолды қалыптастыруда Елбасының көмекшілерінің ішіндегі бірден-бірі Қасым-Жомарт Кемелұлы болған болатын. Сондықтан да, бұл жолды салуға Қ. Кемелұлының өз  үлесі де бар. Сондықтан да оның жалғасын табуы заңдылық болып табылады.

Амина ЖҰМАМҰРАТОВА, ЖҮРГІЗУШІ:

Жақсы. Қазақстанның көптеген жетістіктері Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты. Оның пікірімен әлемнің беделді көшбасшылары да санасады. Ел болып қалыптасуымызға қосқан Елбасының еңбегі ерен. Сіз қандай нық қадамдарын жас ұрпаққа үлгі етіп айтар едіңіз?


Алмас АРЗЫҚҰЛОВ, ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:


Әрине, Елбасының Қазақстанның дамуына, Тәуелсіз дамуына қосқан үлесі өте көп. Осы жерде Елбасының өз сөзін келтіріп кеткім келеді. «Көптеген тұлғалардың басына бұйырмаған бақыт, басыма бұйырды. Тәуелсіз елімнің кезінде басшылықта болдым» деп айтқан болатын. «Менің негізгі міндетім, халқыма ұдайы қызмет ету. Адал қызмет ету. Оның бақытына, оның әлеуметін арттыру, экономикасын жақсарту» дегенді айтады. Сондықтан оның жастар үшін өнеге болатын қызметі өзінің елі үшін, риясыз еңбегі - жан аянбай жұмыс істеуі деп ойлаймын.

Амина ЖҰМАМҰРАТОВА, ЖҮРГІЗУШІ:

Елбасы Ұлт көшбасшысы ретінде мемлекеттік аппаратты жасартуға және жаңартуға шақырып келді. Басқаша айтқанда, жастарға жол беру қажеттілігін үнемі айтып жүреді. Ал, осы тұста жастар саясатқа қаншалықты қызығады?

Алмас АРЗЫҚҰЛОВ, ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:


Жастар саясатқа қызығады. Қазірдің өзінде саясатқа араласып жүргендері көп. Мемлекеттік мекемелерде, органдарда жұмыс істеп жүргендері көп. Одан бөлек, «Nur Otan» партиясының «Jas Otan» жастары еліміздің дамуына өз үлестерін қосып жатыр. Сонымен қатар, Елбасы былтырғы жылды Жастар жылы деп жариялаған болатын. Сол жылы көптеген жастардың қоғамдағы қызметі, орны, олардың жағдайына байланысты көптеген жұмыс істелді. Елім деген жастардың көбі саясатқа араласады. Елінің дамуын жақсартады деп ойлаймын.

Сұхбатыңызға рақмет!  Ал, мен еске сала кетейін, "Астана таймстың" тікелей эфиріне келіп, студияда қонақ болған әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Алмас Арзықұлов.

А. Мүтәлі