Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин күшейтілді

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2020
  • 4479

Нұр-Сұлтан мен Алматыда тұрғындардың үйден шығуы шектелмек. Бүгін төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия осындай шешім қабылдады. Екі шаһардың да тұрғындары енді азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алу мен жұмысқа баруды қоспағанда, тұрғын үйден еш себепсіз шыға алмайды. Көшеде немесе басқа да қоғамдық орындарда үш адамнан артық топтасып жүруге де тыйым салынды. Оған отбасы мүшелері кірмейді. Кәмелеттік жасқа толмағандардың да ересектерсіз сыртта жүруіне болмайды. Комиссия шешімі бойынша халық көп жиналатын саябақтар мен жағалаулар, ойын алаңдары жабылады. Қоғамдық көліктердің жұмыс уақыты тағы да шектеледі. Жаңа карантиндік режим - 28 наурыздан бастап күшіне енбек.

А. Мүтәлі