Русский Сайттың толық нұсқасы

Коронавирустан айыққан 2 науқас ауруханадан шықты, - Д.Абаев

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2020
  • 2828

Коронавирустан жазылған 2 науқас ауруханадан шығарылды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты. Сондай-ақ бүгін тағы 29 адамның індетті жұқтырғаны белгілі болды. Дәрігерлер Алматыдағы ауруханада жатқан 56 жастағы науқастың жағдайын- ауыр деп бағалап отыр. Ол өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Елдегі соңғы жаңалықтарды әріптесім Асылбек Данияр жеткізеді. 

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:

Дүниежүзін шарпыған пандемияны жұқтырғандардың саны артып келеді. Соңғы дерекетер бойынша ел ішінде коронавирус инфекциясы анықталған науқастардың саны 100ден асты. Оның екеуі дерттен емделіп, бүгін үйлеріне босатылған. Олар Нұр-Сұлтан және Алматы қаласының тұрғындары.

Соңғы деректер бойынша COVID-19-ды жұқтырғандар бойынша: Нұр-Сұлтан көш бастап тұр. Мұнда науқастар саны 61-ге жетті. Одан кейін, Алматы, онда - 40, Шымкентте - 2, Қарағандыда-2, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында бір-бір адамнан тіркелген. 2700-ден астам азамат стацонарлық, ал 4800-дей тұрғын үйде оқшуланған. Дәурен Абаев науқастар туралы ақпараттар құпия сақталатынын жеткізді.

Дәурен АБАЕВ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

Дәрігерлік құпияны сақтау жөніндегі мәліметті тағы да еске саламыз. Ешкім коронавируспен ауырған адам ретінде аты шыққанын қаламайтын шығар. Сіздер сол адамның орынына өзіңізді қойып көріңіздер. Бұл адамдардың барлығы өз азаматтарымыз, олар өзіне қатысты жеке мәліметтерді жарияламауға құқығы бар.

Министр Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент сонымен қатар, Түркістан, Ақмола, Алматы облыстарында балабақшалардың жұмысы толығымен тоқтағанын жеткізді. Ал басқа өңірлердегі бөбекжайлар штаттық режимде жұмыс істей бермек. Президенттің тапсырмасы бойынша бүгін Халыққа қызмет көрсету орталықтары да жұмысын тоқтатты.

Дәурен АБАЕВ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

21 наурызға дейін құжат тапсырған азаматтар құжаттарын сол тапсырған орталықтан 28-нші наурызға дейін ала алады. Одан кейін әр қалада 1 ғана орталық анықталып, құжаттар сол жерден беріледі. Арнайы орталықтар өз қызметтерін онлайн режимде жасайды, құжаттар қолма-қол берледі.


Әлемде де жағдай мәз емес. Пандемия жұқтырғандардың саны жарты миллионға таяды. 22 мыңдай адам ажал құшса, 118 мың науқас дертті жеңіп шыққан. Қытай, Корея сияқты елдерде жағдай тұрақтаған. Өлім жағдайы бойынша Италия рекордық көрсетікіш орнатты. 7 жарым мың адам індеттің құрбаны болды.

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:

Айта кететін жәйт, емделіп шыққан науқастар елімізде алғашқы коронавирус бойынша тіркелген азаматтар. Оларда дәрігерлер Еуропалық тәсілмен емдепті.  Соңғы тапсырған сынамалары да теріс нәтиже көрсеткен. Үйден шықпаңыз!Бұл кеселмен күресу әркімнің өз қолында. Тәртіпке бағынып, төтенше жағдайдың талаптарын сақтасақ, кеселді жеңе аламыз.

А. Данияр