Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандағы әлеуметтік аз қамтылған 10 мыңға жуық отбасына "Nur Otan" партиясы көмек көрсетті

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2020
  • 3197

Әлеуметтік аз қамтылған 10 мыңға жуық отбасына "Nur Otan" партиясының Biz birgemiz! акциясы аясында көмек берілді. Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен қолға алынған шара- әлі де жалғасуда. Қайырымдылыққа ат салысып жүргендердің көпшілігі - ерікті жастар.

«Nur Otan» партиясы мен «Jas Otan» жастар қанатының еріктілерінен құралған ықшам топтар, 19-шы наурызда игі бастаманы қолға алды. Ел аумағанда жарияланған  төтенше жағдайға байланысты, шара - әлеуметтік осал топтарға жәрдемдесуді мақсат еткен. Қайырымдылыққа партия жанындағы отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқығын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесте қосылды.

Динара ЗӘКИЕВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ОТБАСЫ, ӘЙЕЛДЕР МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАЙЫМЫ:
 
Бірнеше күннен бері тұрмыстық жағдайы қиын отасыларға партиямен бірге, біздің қоғамдық кеңестің белесенділері де ат салысуда. Таңғы 6-дан бастап көмекке мұқтаж жанұяларға тұрмыстық заттарды үлестіріп жатырмыз. Біз біріксек міндетті түрде коронавирусты жеңеміз. Ол үшін әрине, сақтық шараларын қалтқысыз орындауымыз керек.

Акция республиканың 17 аймағын қамтуда. Әр отбасыға азық-түлік пен гигиеналық заттар, сондай-ақ коронавирустың алдын алу бойынша қажетті ақпараттары бар жадынамалар таратылуда. Оған еркіті жастары тартылған. "Jas Otan" жастар қанатының төрағасының айтуынша, бұл шара карантин уақыты аяқталғанға дейін созылады.

Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ "JAS OTAN" ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша 10 мыңға жуық осындай азық-түлік корзина мен гигиеналық корзиналар екеуі бірге таратылды. Бүгін 500 отбасыны Нұр-Сұлтан қаласында біз осындай гигиеналық және азық-түліктік кәрзеңкелермен қамтамасыз етеміз.

Әлеуметтік көмекке ие болғандардың бірі - 4 баланың анасы Марал Нахметова. 2 жыл бұрын отағасынан айырылған оның, кіші баласы туғанынан сал ауруымен ауырады.  Ол қиын-қыстау сәтте қол ұшын созған партиялықтарға алғысын білдірді.

Марал НАХМЕТОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мүгедек баламен үйде отырғандықтан, көп шыға алмаймын азық-түлік алуға. Жасап жатқан көмектеріне үлкен рақмет айтамын! Бұл да біз үшін үлкен көмек. Қазір дәріханаларда да маска жоқ, өзімізде де маска жоқ. Мынау жақсы көмек болды бізге, қуаныштымын.

Айта кетсем, Елбасының тапсырмасымен, «Nur Otan» партиясы төтенше жағдай кезінде әлеуметке көмек көрсету үшін 150 млн. теңге бөлген еді. Бұл қаражат негізінен партияның «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» жобалары шеңберінде жұмсалуда. 

А. Данияр