Русский Сайттың толық нұсқасы

ҚР Парламенті Мәжілісі митингі туралы жаңа Заңды мақұлдады

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2020
  • 2229

Бейбіт шеру өткізу үшін, жергілікті атқарушы органдарды құлағдар етсе - жеткілікті. Бұл туралы бүгін Парламенттің төменгі палатасы мақұлдаған, "Бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" жаңа Заң жобасында көрсетілген. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллиннің айтуынша, «Енгізілген өзгерістер ең алдымен мемлекеттік органдардың халықпен байланысын күшейтуге ықпал етеді». Құжатта: шерудің қандай мәселе бойынша өтетіні және қанша адам оған қатысатыны туралы ескерту міндеттелген.

Дәурен АБАЕВ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

Қазіргі қолданыстағы Заңның кемшілігінің бірі: бейбіт жиналыс нысандары нақты регламенттелмеген. Осыған байланысты Заң жобасына түсінік аппаратын енгізу ұсынылады. Бұл митинг, пикеттеу, жиналыс, демонстрация, шеру сияқты негізгі ұғымдарды қалыптастыруға және оларды өзара ажыратуға мүмкіндік береді.

Мәжілістің бүгінгі пленарлық отырысында депутаттар түгелдей қатысқан жоқ. 104 депутаттың 23-і келмей қалған. Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысына сәйкес, 65 жастан асқан депутаттарға үйде отырып жұмыс істеу кеңесі берілген.

Д. Мұхаммедкәрім